- Басты
- Жаңалықтар
- Отбасымның жайлы өмір сүруіне барлық жағдай жасалған – Танбаев
Отбасымның жайлы өмір сүруіне барлық жағдай жасалған – Танбаев
«Репрессия жылдарында менің әке-шешем жат елге қоныс аударады. Біз Ақтөбе облысының Байғанин ауданының тумасымыз. Мен дәл сол уақытта дүниеге келген екенмін. Бірнеше жыл бойы Өзбекстанда тұрдық. Дегенмен, әкем біздің отанымыздың Қазақстан екенін құлағыма құюмен болды. Бала кезімнен бері ата жұртыма қайта оралатынымды білген едім», - дейді Ж.Танбаев.
Ол Қазақстанда болып жатқан жағдайларды тұрақты бақылап отырған. «2000 жылы Президентіміздің көреген саясатының арқасында көптеген қандастарымыз секілді туған елге оралу бақытына кенелдік. Қуанышымызда шек болмады. Отбасымыздың Отанға оралып, біржола орнығып кетуіне мемлекетіміз көп жағдай жасады. Таяуда кезек бойынша «Нұр-Ақтөбе» шағын ауданының коммуналдық үйінен үш бөлмелі пәтер алдық», - дейді ол.
Таңбаевтар отбасында жеті адам бар. «Өзім екінші топтағы мүгедекпін. Қызым да бала кезінен бері мүгедек. Жұбайым «батыр ана». Президент пен жергілікті билікке алғысымыз шексіз. Біз мұндай жағдайға жетеміз деп үш ұйықтасақ түсімізге де кірмейтін», - дейді Ж.Таңбаев.
Сонымен қатар, Ж.Таңбаев Н.Назарбаевтың Ұлытау баурайындағы сұхбаты туралы өз пікірімен бөлісті.
«Жақында болған Ұлт көшбасшысының Ұлытау баурайында берген салиқалы сұхбатын бәріміз көрдік. Онда Мемлекет басшысы елдің болашағына көз жүгіртіп, қазіргі таңдағы мәдени-тарихи құндылықтардың ахуалы жайлы кеңінен әңгімеледі. Біз Отанның қадірін бір кісідей түсінген адамбыз. Шет елде жүріп ана тіліміз бен дәстүрімізді ұмытпаудың қамын жасадық. Ендігі кезекте біз осы құндылықтарды келешек ұрпаққа бүтін тапсыруымыз керек», - дейді Жарылқасын Таңбаев.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
ДСМ: Қазақстанда эпиджағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады -
Ауғанстан: күн сайын өзгерген саяси ахуал жайлы -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда