- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев: Қазақстан мен Ресейдің бірлескен жұмыстарының нәтижелері ЭКСПО-2017 көрмесінде ұсынылуы мүмкін
Н.Назарбаев: Қазақстан мен Ресейдің бірлескен жұмыстарының нәтижелері ЭКСПО-2017 көрмесінде ұсынылуы мүмкін
«Соған орай, Нұрсұлтан Назарбаев біздің еліміз үшін көмірсутегі секторының дамуын айқындайтын заманауи үрдістердің өзектілігін атап өтті», - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
«Былтырдан бері мұнайды тұтыну теңгерімі дамушы экономикалар жағына қарай ауды. Дамушы елдердегі мұнай тұтыну тарихта бірінші рет ЭЫДҰ елдерінің тұтынуынан асып түсті. Мұнай-газ саласындағы соңғы жылдардың негізгі тренді сланец кеніштерін игеру болып табылады. Көлбеу бұрғылау мен жерасты қабаттарын сумен жарудың заманауи технологиялары газды да, мұнайды да өндіруге мүмкіндік береді», - деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, екі елге мұнай мен газдың жаңа перспективалы кеніштерін анықтау үшін геологиялық барлау саласындағы бірлескен жұмысты жандандыруға болады. Атап айтқанда, бұл Ресей жағының халықаралық «Еуразия» жобасын жүзеге асыруға атсалысуына қатысты.
Қазақстан Президенті мұнай саласының инфрақұрылымын дамыту үшін көлік, логистика және құрылысты ғана емес, инжиниринг, жобалау, ақпараттық технологиялар секілді жоғары технологиялық қызметтерді қоса қамтитын қызмет ауқымын кеңейтудегі екі елдің өзара іс-қимылының әлеуеті жоғары екенін айтты.
«Біздің ғылыми институттарымызға бірлескен зерттеулер арқылы ауыр мұнай өндірісін интенсификациялау, терең судағы өндіру, сланецті мұнай, мұнай синтезін алу, балама энергетика және басқа да перспективалы бағыттармен айналысуға болады», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
«Мемлекет басшысының атап өткеніндей, Қазақстан мен Ресейдің мұндай бірлескен жұмыстарының нәтижелері Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесінде ұсынылуы мүмкін», - делінген хабарламада.
Өз кезегінде Ресей Президенті өңіраралық ынтымақтастық форумы Қазақстан мен Ресейдің арасындағы серіктестік қарым-қатынастарды дамытудың маңызды құралына айналғанын айтты.
«Өткен 11 жыл ішінде елдеріміздің экономикалық байланыстары жаңа сапалы деңгейге шықты. Екіжақты тауар айналымы 6 еседен астам өсті. Қазақстан экономикасына келген ресейлік тікелей инвестициялар көлемі 10 есе ұлғайды. Мұндай жоғары қарқын көбіне-көп экономикаларымыздың инвестициялық ықпалдастығы арқылы қамтамасыз етілуде», - деді Владимир Путин.
Форум қорытындысы бойынша екі мемлекет басшыларының қатысуымен мынадай құжаттарға қол қойылды:
- ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі арасында Көктемгі-Аралшы кенішіндегі мыс-колчедан кенін игеру кезінде шекаралық аумақтағы шаруашылық қызметті жүзеге асырудың ерекшеліктері туралы келісім.
- ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі арасында «Байқоңыр» кешені аумағында радиожиілік спектрін пайдалану жөніндегі келісім.
- Атырау облысының әкімдігі мен Башқұртстан Республикасы Үкіметі арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық туралы келісім.
- Атырау облысының әкімдігі мен Татарстан Республикасы Үкіметі арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық туралы келісім.
-«БИПЭК АВТО-АЗИЯ АВТО» (ҚР) Компаниялар тобы мен «АВТОВАЗ» ААҚ (РФ) арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты дамыту туралы келісім.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды