- Басты
- Жаңалықтар
- 2015 жылы Қазақстан мен Ресейдің XII Өңіраралық ынтымақтастық форумы Уфада өтеді
2015 жылы Қазақстан мен Ресейдің XII Өңіраралық ынтымақтастық форумы Уфада өтеді
«Біздің елдердің экономикасы, сөзсіз, бірін-бірі толықтырып тұрады. Башқұртстан өңіраралық кластерлерді құруға қатысуға дайын. Осы орайда Қазақстан мен Башқұртстанның байланысын дамыту үшін 2015 жылғы Қазақстан мен Ресейдің XII Өңіраралық ынтымақтастық форумын Башқұртстан Республикасының Уфа қаласында өткізуді ұсынамын», - деп мәлімдеді Башқұртстан Республикасының Президенті Рүстем Хамитов.
«Рүстем Закиұлының келер жылғы форумды Уфада өткізу ұсынысын қуана қабылдаймыз», - деді ҚР Президенті Н.Назарбаев.
Сонымен қатар, Н.Назарбаевтың айтуынша, Қазақстан мен Ресей мұнай-газ саласының инновациясында үлкен әлеуетке ие.
«Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық әріптес екендігі белгілі, алдағы уақытта да осы бетімізден қайтпайтынымызға сенім білдіремін. Қос ел халықтарының бірлесе дамуы мен гүлденуі жолында достық пен ынтымақтық байланыстан айнымақ емес. Қазір біз мұнай-газ саласындағы инновация жайын талқыладық. Біз жүз жылдай, Ресей одан да ұзақ уақыт бойы осы саламен айналысып келеді. Осы саланың инновациясында қос елдің де мүмкіндігі мол. Қазақстан мен Ресейдегі көмір шикізатының қоры жүздеген жылға жетеді, бұл технологияны да қолға алу керек. Мен алдағы уақытта олардың орнын жел және күн көзінен алынатын қуаттың алатынына сенбеймін. Мұнай мен газ біздің негізгі байлығымыз, шикізат деген атауынан қорықпай, бұл шикізат қорларының бізде бар екендігіне қуануымыз керек. Оларды экспорттай отырып, ақша табамыз. Ең бастысы бұл қаржыны жаңа заманауи индустрия құруға жұмсауымыз керек және ол үшін біздің мүмкіншіліктеріміздің бар екендігіне сенімдімін», - деді Елбасы.
Индира Қауметова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды