- Басты
- Жаңалықтар
- Атырау облысы мен Ресей арасындағы сыртқы сауда айналымы 2014 жылы 18%-ға артты – әкім
Атырау облысы мен Ресей арасындағы сыртқы сауда айналымы 2014 жылы 18%-ға артты – әкім
Атыраудағы форум «Көмірсутегі саласындағы инновация» тақырыбы бойынша өтіп жатыр.
«Мұнай-газ секторының дамуы ел экономикасының маңызды стратегиялық бағыттарының бірі және өңірдің экономикалық дамуының негізі болып табылады. Бүгінде Атырау облысы Қазақстанның ең дамыған индустриялды өңірлерінің бірі. Облыста 600 шақты ірі және орта кәсіпорындар жұмыс істейді. Олардың республика бойынша өнеркәсіптік өндірістегі үлес салмағы 25%-ды құрайды», - дейді әкім.
Әкімнің айтуынша, Атырау облысы түрлі салаларда алыс және жақын 50-ден астам шет мемлекетпен ынтымақтастық құрған. Солардың бірі Ресей Федерациясы. «Кедендік одақтың құрылуымен жалғасын тапқан интеграциялық белсенділіктің артып келе жатқанын облыстағы ресейлік капиталдың қатысуымен жұмыс істеп жатқан 170 шақты кәсіпорынның жемісті еңбегінен көруге болады. Өткен жылғымен салыстырғанда сыртқы сауда айналымы 18 пайызға артты», - дейді.
Айта кету керек, бүгін Мемлекет басшысы Атырау облысына жасаған жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар нысандардың жұмысымен танысты. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен РФ Президенті Владимир Путин екіжақты кездесулер өткізді.
Камила Амирова
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері