- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық мұнай-газ құрылғыларын өндірушілер халықаралық көрмеге қатысты
Қазақстандық мұнай-газ құрылғыларын өндірушілер халықаралық көрмеге қатысты
«Көрмеге мұнай-газ, металлургия, энергетика және құрылыс саласының құрылғыларын өндіруші Белкамит өкілдері, конденсаторлы өнім өндіретін Өскемен зауыты, мұнай-газ құрылғыларын өндіретін АтырауМұнайМаш компаниясы мен Corrocoat Caspian өз өнімдерін көпшілік алдына шығарды», - делінген хабарламада.
Айта кету керек, көрмені тамашалаушылар қазақстандық өндірушілердің бірыңғай ұлттық стендіне ерекше назар аударды. Әсіресе, ондағы Corrocoat Caspian компаниясының Қазақстанда шығаратын тот басуға қарсы өндірістік қаптаманың ерекшеліктеріне қызығушылық танытты. Бұл өнім қазіргі таңда ТМД мен Еуропа елдерінде де шығарылмайды. Оның басты қасиеті – эпоксидті қара май мен күрделі эфирлердің негізінде өндірілетін бояу мен өндірістік қаптаманы қамтиды.
«Бұл шараға қатысу біз үшін өте пайдалы. Біз, әсіресе, ресейлік кәсіпорындардың тәжірибесіне қызығушылық таныттық. Нәтижесінде, ресейлік әріптестерімізбен 20-дан астам келіссөз жасасып, алдағы уақытта үлкен жетістіктерге жететініміз анық», - дейді «Corrocoat Caspian» ЖШС директоры Олжас Жұманов.
Айта кетейік, көрмеге Қазақстан, Қытай, Германия, Испания, АҚШ мемлекеттері мен Ресей түрлі аймақтарынан шамамен 150 экспонент қойылды. Өз өнімдерін көрмеге қойған компаниялар арасында Мәскеу, Санкт-Петербург, Барнаул, Түмен, Екатеринбург, Пермь, Новосібір, Орынбор, Архангельск, Самара қалаларының компаниялары бар.
-
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады