- Басты
- Жаңалықтар
- Павлодарда жас депутаттар мен студенттер балалар алаңын абаттандырды (ФОТО)
Павлодарда жас депутаттар мен студенттер балалар алаңын абаттандырды (ФОТО)
Жүзге жуық адам қолдарына тырнауыш, сыпырғыштарын ұстап, Всеволод Иванов көшесіндегі аулада жиналды. Акцияны бастағандар қалалық мәслихаттың депутаты Илья Теренченко мен Рахат Каппасов. Олардың қатарына Астанадан келген Қазақстанның жас депутаттар қауымдастығының өкілдері қосылды.
«Біз осы үйдің тұрғындарын ізгі іске атсалысуға шақырдық. Олардың азаматтық ұстанымдарын өзгелерге үлгі етуді мақсат еттік. Мысалға, Көкшетау қалалық мәслихат депутаты Олег Толкайловтың тәжірибесін алып қарастыруға болады. Ол бір кездері «Біздің аула» акциясын көтерген еді», - дейді Илья Теренченко.
Айтпақшы, акцияның шығынын ұйымдастырушылар өз қалталарынан шығарды. Ал облыстық және қалалық билік техникамен қамтамасыз етті. Нәтижесінде, аулалар ретке келтіріліп, ойын алаңдары салынды, орындықтар орнатылып, көшеттер отырғызылды.
«Шараға атсалысқан барлық азаматтарға алғыс айтамын. Әсіресе, жасыл елдіктердің еңбегі ерен. Барлығымыз енді бір ауыздан осында спорт алаңын салуды жоспарлап отырмыз. Бұл аудан Павлодардың шет жағы. Оған жергілікті биліктің қолы әлі жетпей отыр. Біз осылайша өзіміз де атсалысып, мемлекет жұмыстарына көмек беруіміз керек. Бұл біздің патриоттығымыздың өлшемі», - дейді И.Теренченко.
Айта кету керек, аталмыш бастама Орал, Өскемен қалаларында қолдау тауып отыр. Мұнда осы сынды шаралар бұрын қолға алынған. Қазақстанның жас депутаттар қауымдастығы жоспарында бірлесе отырып «Біздің аула» акциясын өткізу күн тәртібіне қойылған.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды