Мемлекет басшысы Атыраудағы балабақшада болды

30 Қыркүйек, 2014 14:02
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Атыраудағы «Мирас» балабақшасының қызметімен танысты және «Ботақан» балалар тобында болды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

««Теңізшевройл» ЖШС қаражатына салынған балабақшада 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалар Монтессори бағдарламасына сәйкес және Халықаралық Бакалавриат бастауыш мектебінің ықпалдасқан жүйесі бойынша тәрбиеленеді», - делінген хабарламада.

«Мирас» балабақшасы музыка, спорт және би залдарымен, ойын алаңдарымен, кітапханамен, қазақ мәдениетінің орталығымен, қолданбалы өнердің, ағылшын және орыс тілінің халықаралық стандартқа сай кабинеттерімен жабдықталған.

Балабақшаның 16 тобында 350 бала тәрбиеленеді. 110 адам жұмыспен қамтылған. 

Барлық жаңалықтар