- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев: Біз ауыл шаруашылығын дамытуға айрықша көңіл бөлуге тиіспіз
Н.Назарбаев: Біз ауыл шаруашылығын дамытуға айрықша көңіл бөлуге тиіспіз
Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, Мемлекет басшысы «Первомайский» БК» ЖШС-ның сүт фермасында болды. Елбасы мұнда өңірде шығарылатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің үлгілерін көрді.
Президентке сондай-ақ өңірдегі ауыл шаруашылығының дамуы туралы баяндалып, облыс аумағында жүзеге асырылып жатқан агроөнеркәсіп кешені секторының жобалары таныстырылды.
Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев нысанды аралау барысында облыстың агроөнеркәсіп кешеніндегі кәсіпорындардың басшыларымен әңгімелесіп, экономиканы дамытуда ауыл шаруашылығы басымдығы бар сала болып саналатынын атап өтті.
«Еліміздегі халықтың жартысына жуығы ауылдық жерде тұрады. Сол себепті біз ауыл шаруашылығын дамытуға айрықша көңіл бөлуге тиіспіз. Қазақстаннан басқа еш жерде мемлекет ауыл шаруашылығына осынша қаражат бөлмейді. Облыста ауыл шаруашылығы өнімдері өндіру үшін барлық жағдай жасалған», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
«Первомайский» БК» ЖШС-ның сүт фермасы мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарлама аясында салынған. Кәсіпорынның қуаты тәулігіне 8 тоннадан 16 тоннаға дейін сүт өнімдерін шығаруға жетеді. Фермада 42 жұмыс орны бар.
-
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр -
Тоқаев: Өңірлердегі денсаулық сақтау нысандарының жай-күйі көңіл көншітпейді -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Әйелдердің ауыл мен ауыл шаруашылығын дамытудағы рөлі -
Сайлау-2021: Ауыл әкімін сайлауды ұйымдастыру, кандидаттарды тіркеу және өту барысы -
Балық шаруашылығын дамыту: Қолға алынған шаралар -
Павлодар облысының дамуы: Инвестиция, ауыл шаруашылығы және жол мәселелері -
Маңғыстау облысының дамуы: Туризм, ауыл шаруашылығы, инвестиция және ауыз су мәселесі -
БҚО: Ауыл шарушалығы, білім, әлеуметтік қолдау және жұмыспен қамту мәселелері мен өңірдегі эпидахуал -
Ауыл әкімдерін сайлау: Сарапшылар пікірі -
«Ауыл – ел бесігі»: Жол, тұрғын үй мәселелері мен білім, денсаулық саласындағы өзгерістер -
Жолдаудағы саяси реформалар пакеті: Ауыл әкімдерін сайлау, партиялардың өту шегін төмендету, «барлығына қарсы» бағаны