- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада су көлігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі талқыланды
Астанада су көлігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі талқыланды
«Шараға қатысушылар су көлігі саласындағы заңнаманы жетілдіру, теңіз әкімшілігінің жұмысы, қоршаған ортаны қорғау, теңіз навигациясының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары және басқа мәселелерді талқылады», - деп хабарлады инвестиция және даму министрлігі.
Шараға ҚР Парламентінің депутаттары, Қазақстан, Ресей және Беларуссия Бас прокуратураларының, су көлігінің халықаралық ұйымдары, қауымдастықтары және кәсіпорындарының өкілдері қатысты.
«Айталық, қазіргі кезде республикада Теңізшілерді дайындау мен оларға диплом беру және вахтаны атқару туралы Конвенцияға (1978 ж.), Теңізде адам өмірін қорғау жөніндегі Конвенцияға (1974 ж.) түзетулерді іске асыру үшін ұлттық заңнамаға түзетулер енгізу жөнінде жұмыс басталды», - деді ҚР инвестициялар және даму министрлігінің Көліктік бақылау комитетінің төрағасы Әсет Асаубаев баяндап берді.
Навигациялық қауіпсіздікті жетілдіру мақсатында навигациялық орталық құру жоспарлануда. Соның базасында апатты оқиғаларға жауап беру және іздеу-құтқару операцияларын үйлестіру мәселелері шешілетін болады. Сонымен қатар, СОЛАС Конвенциясына түзетулерін іске асыру аясында спутниктік навигация арқылы кемелерді алыс қашықтықтан бақылау жүйесі енгізілуде.
Конференция барысында теңіз әкімшіліктерінің қауіпсіздікті бақылау бойынша халықаралық тәжірибесі талдап қорытылды.
Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның қорытындысы бойынша теңіз көлігіндегі қамтамасыз ету жүйесін одан әрі жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірленіп шығарылды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері