- Басты
- Жаңалықтар
- Е.Досаев аймақтық даму үшін ресурстардың қолжетімділігін қамтамасыз ету форумына қатысты
Е.Досаев аймақтық даму үшін ресурстардың қолжетімділігін қамтамасыз ету форумына қатысты
Форум аясында аймақтарда мемлекеттік-жекеменшік ынтымақтастықты кеңейтуде негізгі мәселелері бойынша, соның ішінде: инфрақұрылымның бәсекеге қәбілеттігінің басты факторы ретінде қуат қорлары, аймақтық интеграция және сауда, Еуропада, Таяу Шығыста, Солтүстік Африка мен еуразияда кәсіпкерліктің дамуы, сонымен қатар Түркияның G20-ға төрағалық етуі тақырыптары қарастырылды.
ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев форум аясында өткен дискуссия барысында Қазақстанның аймақтық бірігулерге қатысу процесстеріне түсінік берді, себебі бұл әрі қарай тұрақты дамудағы негіз болып табылады, ал Қазақстан үшін өтім нарықтары мен сауда кеңістігін кеңейту және жаңа мүмкіндіктерге жол ашу қажет.
Дүниежүзілік экономикалық форум аясындағы Кеңес мүдделі мемлекеттердің үкімет мүшелерін, азаматтық қоғамды және басқа экономикалық шешім қабылдайтын бизнестің көшбасшыларын қатыстыру арқылы ұлттық және аймақтық өзгерістерді қалыптастыруды терең түсінуін қамтамасыз етеді.
«Экспортқа, соның ішінде Еуропаға бағытталған Қазақстан өнімдерінің бәскеге қабілеттілігін арттыру үшін энергетика мен транспорт саласында интегрциялық мүмкіндіктерін қолдану қажет», - деді министр.
Мысалы, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» инфрақұрылым жобасы транспорттық қызығушылықтың өсуіне және трансконтиненталды «көпір» құруға себепші болды.
«Ерболат Досаев форум аясында Қазақстан, Беларусия және Ресей мемлекеттерінің Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік аясындағы интеграциялық процесстері ойдағыдай өркендеп келе жатқанын айтып, мұның әлем экономикасының талаптарына қарсы экономикалық мүмкіндікті дамыту үшін қажеттілік болып табылатын айрықша атап өтті», - делінген хабарламада.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады