- Басты
- Жаңалықтар
- Т.Ермегияев: «ЭКСПО-2017» инвестициялық жоспары желісі бойынша 77 млрд теңгенің келісіміне қол қойылды
Т.Ермегияев: «ЭКСПО-2017» инвестициялық жоспары желісі бойынша 77 млрд теңгенің келісіміне қол қойылды
«ЭКСПО көрмесінің құрылысы кестеге сай жүріп жатыр. Инвестиция тарту жөнінде біраз әңгімелер болды. Бүгінде инвестициялық жобалар бойынша 77 млрд теңгенің келісіміне қол қойылды. Нақты қанша инвестиция тартылады деген сауалға барлық инвестициялық жобаларға қол қойылғаннан кейін жауап береміз. Негізі, инвестиция тарту ісі көрме аумағынан тыс жердегі тұрғын аймақтарға қатысты. Яғни, бұл 25 гектар көлеміндегі жер. Ал қазіргі таңда нақты айтарым, 174 гектар жер толық игеріледі»,- деді «Астана ЭКСПО-2017» АҚ басқарма төрағасы Талғат Ермегияев.
Оның айтуынша, басты назардағы мәселелердің бірі шараның аяқталғанынан кейін қалған нысандарды орынды пайдалану болып табылады. Осы мақсатта Шанхай мен Ганновер тәжірибесі зерттелді. Зерттеу нәтижесінде аталмыш нысандардың негізінен туристік орталық, мәдени орын, ғылыми-зерттеу орталықтары, кеңсе мен іскерлік мекемелер, жоғары сапалы тұрғын үйлер, ойын-сауық орындары ретінде пайдаланылғаны анықталды. Дегенмен, көпшілігі кейін игерілмей қалған. Көпшілік павильондар көрмеден кейін жойылып тасталған.
«Сол себепті осы елдердің тәжірибесін ескере отырып жобаларды жемісті іске асыру үшін нақты бағдарламалық стратегия қабылдау қажеттілігі бар. Біз аталмыш орынды қаланың ғылыми, технологиялық, мәдени нысандардың үйлесімділікпен шоғырланған орталығы етуді мақсат етудеміз», - дейді Т.Ермегияев.
Сонымен қатар, оның айтуынша, осы орайда жобалау кезеңінде павильондардың қабаттарын қосып, монтаждауға мүмкіндік беретіндей етіп салу қарастырылған.
Айта кету керек, Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесі ел экономикасының төрт жылдық жұмысының шарықтау шегі болмақ. Ол өз кезегінде, елдің атын да шығаруда маңызды рөл ойнайды.
Индира Қауметова
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді