• Басты
  • Жаңалықтар
  • Бүгін Атырауда Қазақстан мен Ресей Президенттері екіжақты кездесу өткізеді

Бүгін Атырауда Қазақстан мен Ресей Президенттері екіжақты кездесу өткізеді

30 Қыркүйек, 2014 09:31
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Атырау облысына жұмыс сапары аясында Ресей Президенті В.Путинмен екіжақты кездесу өткізеді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Сапар аясында Мемлекет басшысының Атырау қаласында бірқатар нысандарға баруы жоспарлануда.

«Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен екіжақты кездесу өткізуі, сондай-ақ екі ел басшыларының Қазақстан мен Ресейдің ХІ өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысуы күтілуде», - делінген хабарлады. 

Барлық жаңалықтар