• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР-ның Үкімет және мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді ажырату туралы заңдарына өзгертулер енгізілді

ҚР-ның Үкімет және мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді ажырату туралы заңдарына өзгертулер енгізілді

29 Қыркүйек, 2014 17:08
Елбасы қазақстан Республикасының бірқатар заңдарына қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды. Заң мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді ажыратуға бағытталған», - делінген хабарламада.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді ажырату мәселелері жөнінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Заң мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді ажыратуға бағытталған. 

Заң мәтіні баспасөзде жарияланады. 

 

Барлық жаңалықтар