- Басты
- Жаңалықтар
- 29 қыркүйекте Сенат депутаттығына үміткерлердің сайлау алды үгіттеу жұмыстары аяқталады
29 қыркүйекте Сенат депутаттығына үміткерлердің сайлау алды үгіттеу жұмыстары аяқталады
«Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары сайлауына дайындық пен оны жүргізудің күнтізбелік жоспарына сай, 29 қыркүйекте сағат 24:00-де үміткерлердің сайлау алды үгіт жұмыстары аяқталады. 30 қыркүйек пен 1 қазанда дауыс беру күні кез келген сайлау алды үгіттеу жұмыстарына тыйым салынады. Парламент Сенаты депутаттарына дауыс беру 2014 жылдың 1 қазанында сайлаушылардың бірлескен отырысында өткізіледі», - дейді ол.
Оның айтуынша, сайлау комиссиясының ғимаратынан тыс жерде және дауыс беру ғимараттарында бұрын ілінген баспасөздегі үгіттеу материалдары тұрған жерлерінде тұра беруіне болады. «Халық сауалнамаларының нәтижелері, сайлауға алдын ала жасалынған болжамдар, сайлауға қатысты өзге де зерттеулер дауыс беру күні мен дауыс беруден бес күн бұрын бұқаралық ақпарат құралдарына жіберілмейді», - дейді ол.
Айта кетерлігі, қазіргі таңда республика бойынша Сенат депутаттығына 39 үміткер тіркелген. Тіркеу уақытында 53 үміткер өтінім бергенімен тіркеу уақыты аяқталғаннан кейін 14 үміткер өз өтініштерімен сайлауға қатысудан бас тартты.
Үгіттеу компаниясы аясында Сенат депутаттығына үміткерлердің сайлаушылармен кездесуі кестесіне сай 11-29 қыркүйек аралығында өңірлерде 266 кездесу өткізілген.
Камила Амирова
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды