- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы маңынан пәтер алу үшін 5 минуттың ішінде 520 онлайн-өтінім келіп түсті – «Самұрық Қазына» АҚ
Алматы маңынан пәтер алу үшін 5 минуттың ішінде 520 онлайн-өтінім келіп түсті – «Самұрық Қазына» АҚ
Өтінімдерді қабылдау рәсімін жеңілдетіп, сатып алушылардың кезегін қалыптастыру кезінде адами фактордың әсерін болдырмау үшін Қазақстанда алғаш рет www.fnsk.kz сайтында онлайн-өтінімдер қабылдайтын инновациялық интернет-жоба іске қосылды.
«Жалпы алғанда, кейіннен сатып алу құқығымен жалдау арқылы өткізу үшін 1609 пәтер, ал сату үшін 91 пәтер қойылды. Пәтер алуға өтінім жіберу үшін пайдаланушылар ЭСҚ көмегімен www.fnsk.kz сайтына тіркелуі қажет болатын», - деп хабарлады Қорда.
Өтінімдерді қабылдаудың белгіленген мерзімінде барлық тіркелген пайдаланушылар үшін пәтер алуға өтінім жіберу мүмкіндігі бір мезгілде ашылды. Кезектілік электрондық өтінімнің қабылданған уақыты бойынша автоматты түрде құрылды. Бұл ретте өтінім белгілі бір пәтер түріне берілуі тиіс болатын.
«Бүгінгі күні www.fnsk.kz сайтына 5000-нан астам адам тіркелді. Бағдарлама іске қосылған сәттен бастап алғашқы 2 секунд ішінде 419 өтінім, 5 минут ішінде – 520 өтінім қабылданды. Демек, таусылмайтын кезек мәселесі, уақыт пен ақша жою мәселесі шешілді деуге болады», - деді «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Аппарат жетекшісі Рүстем Бектұрымов.
Өтінімдерді қабылдаудың аяқталатын күні мен уақыты: 2014 қазан сағат 10.00 (Астана уақыты бойынша). Пәтер алу туралы өтінімдер Алматы облысы Қарасай ауданында баспанасы жоқ немесе тұрғын үй жағдайын жақсартқысы келетін адамдардан қабылданады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі