- Басты
- Жаңалықтар
- Кедендік қызмет сарапшылары экономикалық контрабандамен күресте оң үрдістерді алға тартады
Кедендік қызмет сарапшылары экономикалық контрабандамен күресте оң үрдістерді алға тартады
Өз кезегінде кедендік қызмет сарапшылары экономикалық контрабандаға қарсы күрестің қазіргі таңда өз жемісін беріп жатқанын алға тартады. Кеденшілердің тәжірибесі мен кәсібилігі осынау дертке дауа болмақ.
«Мен мұнда америкалық үкімет пен АҚШ елшілігінің өкілі ретінде кеден ұйымдарының өкілдерімен берік ынтымақтастық құрдық, ол қос тарап үшін де өте маңызды. Бүгінгі қаралып отырған мәселе өте өзекті. Контрабанданың мемлекет пен ұйым қызметіне айтарлықтай деңгейде қатер төндіретіні анық. Мемлекеттеріміздің бүгінгі таңда экономикалық контрабандамен күресуге жеткілікті деңгейде көңіл бөліп жатқаны белгілі. Қазақстан жаңалықтарынан мен кедендік қылмыстардың жиі ауыздықталып жатқанын көріп қаламын. Бұл қызметкерлердің кәсібилігінің бір көрінісі болса керек», - дейді Қазақстандағы АҚШ Елшілігі миссиясы басшысының орынбасары Майкл Клеченски.
2014 жылдың 8 айында ҚР кедендік ұйымдары тарапынан экономика саласына қатысты 412 қылмыстық іс қозғалған. Ал 2013 жылы бұл көрсеткіш 375 болған еді. Экономикалық контрабанда бойынша 374 қылмыстық іс қозғалды. Ал кедендік төлемдерден жалтару бойынша қозғалған істер саны 38. Қылмыстық істер бойынша алынған тауар мен валюта көлемі 5 млрд 131 млн теңгені құрады.
Сонымен қатар құқық қорғау жүйесінде өткізіліп жатқан реформалар аясында ел бюджетін толтыру мен сыртқы сауданы мемлекеттік реттеудің тиімді механизмі ретінде кедендік органдардың жаңа моделін құруға ерекше көңіл аударылған.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Астанадағы ЕЫҚҰ Орталығымен, Астанадағы АҚШ Елшілігімен және БҰҰ Есірткі және қылмысқа қарсы күрес басқармасымен бірлесіп ұйымдастырған экономикалық контрабандаға қарсы кұрес бойынша екі күндік өңірлік семинары басталды.
Индира Қауметова
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты