- Басты
- Жаңалықтар
- Кабулда Қазақстан-Ауғанстан сауда-экономикалық ынтымақтастық турасында үкіметаралық отырыс болып өтті
Кабулда Қазақстан-Ауғанстан сауда-экономикалық ынтымақтастық турасында үкіметаралық отырыс болып өтті
ҮСК қазақстандық төрағасы болып Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко тағайындалса, ауғандық жақтан Ауғанстанның Өндіріс және сауда министрі Анвар-уль-Хак Ахади болды.
Жиынға қазақстандық министрліктер өкілдері, сауда-өндірістік палата мен әр түрлі ведомство басшылары қатысты. Ал ауғандық жақтан ведомства басшылары, ұлттық энергетикалық компания басшылары мен провинция губернаторлары болды.
Кездесуде Үкіметаралық комиссияның 5-ші протоколының орындалуы талқыланды. Атап айтылғандай, 5-ші бас қосудың мақсаты түгел орындалған. Түрікменстан мен Қазақстан аралығында теміржол бағыты ашылды, ол Қазақстан мен Ауғанстан арасын Түрікменстан арқылы қосып отыр. 2013 жылдың 2-3 шілдесінде қазақстандық кәсіпкерлер Кабул қаласында Орталық Азия мен Ауғанстанның бизнес өкілдері қатысқан отырыста болды. Сонымен қатар, Қазақстанның Мемлекеттік бағдарламалары бойынша Ауғанстан азаматтары білім алуда. Олардың жалпы саны 483 адамды құрап отыр.
Жиында 2014 жылға арналған жоспарлар тізімі қарастырылды. Қазақстандық делегация басшысын Ауғанстан вице-президенті К. Халили қабылдады. Отырыс соңында 6 отырыстың протоколына қол қойылды. Ал келесі, яғни 7 отырысты өткізу 2014 жылда өтеді деп жоспарлануда.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Үкімет отырысында Тоқаев қандай тапсырмалар берді -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Қазақстан мен Үндістан арасындағы стратегиялық серіктестік пен өзара ынтымақтастық -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті -
АҚИҰ мен «ҰАҒБО» КеАҚ ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды