- Басты
- Жаңалықтар
- Британ сахнасында алғаш рет қазақ пьесасы ағылшын тілінде қойылды
Британ сахнасында алғаш рет қазақ пьесасы ағылшын тілінде қойылды
«Ведомства басшысы мен қазақстандық танымал драматург Дулат Исабеков, Британ Парламенті Лордтар Палатасының өкілі Алисон Мари Сати, Лондондағы Шыңғыс Айтматов Академиясының профессоры Абдуалиева Рахима Мусайқызы, Кембридж университетінің профессоры Сиддхарт Шанкер Саксен кездесуде бірлескен мәдениетаралық жобалар туралы ойларын ортаға салды», - деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі.
Айта кету керек, қазақ тіліндегі туындылар бұрын-соңды ағылшын сахнасында көпшілік назарына ұсынылмаған. Қойылымның жергілікті халықтың көңілінен шыққаны анық.
«Алғаш рет қазақстандық көрнекті драматург Дулат Исабековтың «Транзитті жолаушы» еңбегінің ағылшын тіліне аударылуы қазақ әдебиетінің тарихында қаларлық оқиға болып отыр», - деді министрлік.
Драматург Дулат Исабековтың айтуынша, бұл жобаның жүзеге асырылуы тарихи оқиға. «Жазушы дегеніңіз тұтастай ұлттың атынан сөйлейтін адам. Біздің Президентіміз зиялы қауым өкілдерін назардан тыс қалдырмайды. Мен ол кісімен осы қойылымның алдында ғана жолыққан едім, қойылымнан кейін де кездесудің сәті түсті», - деді.
Қойылымның продюсері Джозеф Сандерстың айтуынша, британдық Орта Азия елдерінің тәжірибелік «Орзу» театрының ашылғанына көп болған жоқ. Дулат Исабековтың аталған қойылымы осы бастаманың алғашқы жобаларының бірі.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз»