2014 жылдың тамыз айында бір жұмысшы жалақысы 121 763 теңгені құрады – ҰЭМ

28 Қыркүйек, 2014 15:03
2014 жылдың тамыз айында бір жұмысшының орташа айлық жалақы көрсеткіші 121 763 теңгені құрады. 2013 жылдың тамыз айындағымен салыстырғанда номиналды жалақының индексі 110,7% құраса, нақты көрсеткіште 103,3%-ға жетті, деп хабарлайды ҚР ҰЭМ Статистика комитеті.

Салалық құрылымда ең жоғарғы жалақы көрсеткіші кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді дайындау саласында байқалды. Атап айтар болсақ 264,8 мың теңгені құрайтын бұл еңбекақы орташа жалақы көрсеткішінен 2,2 есе артық. Ал кәсіби, ғылыми және техникалық қызметтерде жалақы көрсеткіші 229,3 мың теңге, қаржы және сақтандыру салаларында 206,0 мың теңгені құрап отыр.

Ең төменгі жалақы ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы мамандарында көрінеді. Атап айтар болсақ, олардың алатын 64,9 мың теңге айлықтары орташа айлық жалақыдан 46,7%-ға аз. Өңірлер бойынша ең көп жалақы алатын жерлер Маңғыстау облысы 237,0 мың теңге. Бұл республикалық көрсеткіштен 1,9 есе артық. Ал СҚО-да тиісінше 79,1 мың теңге, республикалық деңгейден 35%-ға аз.

Барлық жаңалықтар