- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның білім ошақтарында жемқорлыққа қарсы мінез-құлық тәртібі енгізілуі мүмкін – Нұр Отан
Қазақстанның білім ошақтарында жемқорлыққа қарсы мінез-құлық тәртібі енгізілуі мүмкін – Нұр Отан
«Жемқорлыққа қарсы мінез-құлық мәдениеті мәселесін көтергенде, қандай да бір қағидаға яки оған деген өзіндік қатынасын ұстануды үйрету ғана емес, бұл дертке қарсы мінез-құлық қалыптастыру аса маңызды», - деді Фархат Қуанғанов «Нұр Отанның» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа Бағдарламасы жобасын жастар ұйымдары лидерлерінің талқылауына арналған жиында.
Оның пікірінше, жемқорлық көріністерімен бетпе-бет келген азаматтар оған қалай қарсы тұру керектігін білмейді. «Адамдар пара бопсалап жатқандарға қарсы өзін қалай ұстау керектігін біле бермейді. Қандай жағдай болмасын, әңгімені төтесінен қойып, бопсалауды нәтижесіз етіп шығаруға болады», - деп атап өтті ол.
Білім беру мекемелеріндегі жастар, міне, осындай ұстанымда тәрбиеленуі керек.
Сонымен қатар, Фархат Қуанғанов бұл мәселеде батыстық сарапшылардың тәжірибесіне назар аударуға шақырды.
«Білім және ғылым министрлігі мен ЖОО-лар сарапшыларынан тұратын жеке топ құрылуы керек. Олар әлемдік технологиялар мен тәжірибелерді ендірумен айналысатын болады. Меніңше, жемқорлыққа қарсы мінез-құлық ЖОО мен колледждердегі білім беру үдерісінің бір бөлшегіне айналуы керек», - деп ойын түйіндеді партия хатшысы.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді