- Басты
- Жаңалықтар
- Сенатор С. Ақылбай ТМД ПАА-дағы халықаралық конгреске қатысты
Сенатор С. Ақылбай ТМД ПАА-дағы халықаралық конгреске қатысты
Сенаттың баспасөз қызметі хабарлауынша, 26 қыркүйекте Таврия сарайында өткен отырыста сенатор С.Ақылбай «Қазақстан Республикасындағы жол қозғалысы қауіпсіздігінің құқықтық негіздері» тақырыбы бойынша баяндама жасады және Қазақстандағы жолдағы жүріс қауіпсіздігінің өзекті мәселелерін шешу жолдары туралы әңгімеледі.
Атап айтқанда, С.Ақылбай еліміздегі жол жүрісінің барлық мәселелері жүйеленген «Жол жүрісі туралы» заңға егжей-тегжейлі тоқталды. «Жаңа заңды әзірлей отырып, біз оның қазіргі замандағы халықаралық талаптарға жауап беруіне және жол жүрісін ұйымдастыруда тиімділікті арттыруға, жол жүрісін басқарудың мемлекеттік жүйесін жетілдіруге, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың құзіреттерін нақты айқындауға, интеллектуалдық көлік жүйесін енгізудің негіздерін белгілеуге, жол құрылысы мен жаңғырту барысында жауапкершілікті күшейтуге баса назар аудардық», - деп атап өтті депутат.
Сондай-ақ С. Ақылбай Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша пайдалануға берілгеніне 7 жыл болмаған көлік құралдарын (коммерциялық мақсаттардан басқа) міндетті техникалық байқаудан босату, сондай-ақ көлік құралдарын басқаруға сенімхат беруді 2015 жылға дейін тоқтату мәселелері қарастырылып жатқанына конгреске қатысушылардың назарын аударды.
С. Ақылбай автомобильдерді мемлекеттік тіркеудің көтеріңкі және ерекше сұранысқа ие нөмір белгілерін сату рәсімдерін реттейтін, ішкі істер органдарының қызметкерлерінің талаптары бойынша көлік құралдарын тоқтатудың нақты негіздерін бекіту туралы жаңа ережелер және азаматтардың құқықтарын қорғау мақсатында енгізілген басқа да жаңалықтар туралы айтты.
ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Парламентаралық Ассамблеясының V Халықаралық «Өмірдің қауіпсіздігі үшін жолдағы қауіпсіздік» конгресінің қорытындылары бойынша декларация қабылданды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда