- Басты
- Жаңалықтар
- Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-де Білім тарихы музейі ашылды
Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-де Білім тарихы музейі ашылды
Ведомстваның хабарлауынша, мұражайды ашудағы мақсат – мәдени-ағартушылық құндылықтарды инновациялық мұражай кешенін құру арқылы сақтап қалу және дәріптеу. Сонымен қатар елдің нағыз патриоттарын тәрбиелеу, тарихи құндылықтарды дамыту, сақтау, ғылыми тұрғыдан зерттеу.
Мұражай халықтың барлық тобына арналған. Өзінің атқаратын қызметі, мұражайға келушілердің әлеуметтік жағдайы мен жұмыс формасы бойынша әлемдік мұражай орталықтарының қазіргі заман талабына сай үрдісіне толық жауап береді.
Елімізде алғаш рет ашылғалы отырған Білім тарихы мұражайы экспозициясының композициялық құрылымы өзгеше: бейнелі, сюжеттік, жазба, көрнекі құрал-жабдықтар мен тарихи жәдігерлер молынан қойылған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, ерекше бағалы мұражайлық заттар мен мәдени құндылықтар жинақтамасын көпшілікке көрсету арқылы өткен тарихқа оң көзқарас қалыптастыру.
Мұражай құрылымында «Түркі кезеңіндегі ҮІ-ҮІІІ-ХІҮ ғасырдағы педагогикалық ескерткіштер: ХҮ-ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ ақындары мен жырауларының ағартушылық көзқарасы, Қазақстанда ғылыми педагогикалық ойдың туындау кезеңі (ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасыр басы), Қазақстаннның білім беру мен ағартушылық саласына шет елдік ғалымдардың қосқан үлесі, «1917-1990ж. Кеңес кезіндегі ғылым мен білім берудің дамуы», 1991 жылдар мен қазіргі кезеңге дейінгі жаһандану жағдайындағы білім беру мен ғылым» секілді бөлімдер бар.
Экспозицияға Д.Қамзабекұлы, С.Аққұлы, Н.Белекұлы, К.Шарипова, т.б.ғалымдардың жеке қорынан алынған суреттер мен құжаттар да алғаш рет ұсынылып отыр.
Сонымен қатар Семей өлкетану мұражайы, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының қорынан сирек кітаптар мен мерзімді басылымдар алынған. Әсіресе қазақтың ұлы ақыны Абай шығармаларының түпнұсқасы, ХҮІІІ-ХІХ ғасырда жарық көрген кітаптар, ХІХ ғасырдағы жазу машинкасы мұражайға келушілерді қызықтыра түседі.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Үздіксіз білім берудің әлеуеті қалай -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
АХҚО олимпиада жеңімпаздары Қазақстан мен Ресейдің жетекші ЖОО-ларында білім алмақ