- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Еңбек күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Еңбек күнімен құттықтады
Құттықтау мәтіні Ақорданың сайтында жарияланған.
"Сіздерді Еңбек Күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Биыл біз бұл мерекені алғаш рет атап өткелі отырмыз.
Еліміз «Қазақстан 2050» стратегиясының негізгі тұғыры – Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамын қалыптастыру жолында сеніммен алға басып келеді.
Қазақстан экономикасында заманауи зауыттар мен кәсіпорындар, жаңа күре жолдар салынып, ондаған мың жаңа жұмыс орындары ашылуда. Көлік және әуе кемелерін жасау, локомотивтер мен ғарыштық аппараттар шығару және өзге де көптеген жоғары технологиялық салалар пайда болуда.
Біз ауылшаруашылығын дамытудың, шағын және орта бизнесті қолдаудың ауқымды бағдарламаларын іске асырудамыз.
Кәсіби мамандар даярлау саласында сапалы өзгерістер жүзеге асырылып, дуальды білім жүйесі енгізілуде.
Жоғары нәтижелі еңбек етуді ынталандыру үшін «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы және «Еңбек ардагері» арнайы медалі беріледі. Бұл марапаттар жыл сайын үздік ауылшаруашылығы еңбеккерлеріне, металлургтерге, мұнайшыларға, ұстаздарға, дәрігерлерге және өзге де кәсіп өкілдеріне тапсырылады.
Еңбеккерлерді әлеуметтік қорғаудың деңгейі көтеріліп, еңбек қатынастары туралы ұлттық заңдарымыз жетілдірілуде, кәсіподақтардың орны нығая түсуде.
Әрбір қазақстандықтың лайықты, адал және кәсіби еңбегі Қазақстанның ұлы мақсаты – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіруінің кепілі болмақ.
Бүгінгі мереке күні мен барлық отандастарыма зор денсаулық, еңбекте жаңа табыстар және амандық тілеймін!" - делінген.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту -
«Құқықтық мемлекет» ұғымы және Қазақстан