- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық-ресейлік әріптестер трансшекаралық өзендер бойынша кеме қатынасын жаңартуға мүдделі – Р.Ошақбаев
Қазақстандық-ресейлік әріптестер трансшекаралық өзендер бойынша кеме қатынасын жаңартуға мүдделі – Р.Ошақбаев
Оның айтуынша, 29 қыркүйекте Атырау қаласында Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығының XI форумы аясында Ресей-Қазақстан іскерлік кеңесі өтеді.
«Төрт түрлі мазмұнда сессия өткізу жоспарланып отыр. Бірінші сессия Қазақстан мен Ресей арасындағы өңіраралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелеріне арналмақ. Екінші сессияда еуразиялық интеграцияның күрделі мәселелері сөз болмақ», - дейді Р.Ошақбаев.
Сонымен қатар, оның айтуынша, мұнай-газ секторы да тақырыпқа тұздық болмақ. «Аралас салалар туралы да айтылатын тақырыптар баршылық. Әсіресе, машина жасау саласында қарайтын мәселелер бар. Ресейлік машина құрастырушы кәсіпорындар тарапынан қазақстандық компаниялармен бірлескен кәсіпорындар құру ұсынысын көріп отырмыз. Олардың мақсаттары Атырау мұнай-газ химиясы кластеріне қатысуға мүмкіндік алып, бірлесе құрылғы жасап, оны Қазақстанның ірі жобаларына сату», - дейді.
Сонымен қатар, форум аясында Қазақстан мен Ресейдің трансшекаралық өзендері бойынша кеме қатынасы мәселесін талқыланбақ.
«Үлкен экономикалық жоспарлар бар. Бізде Қазақстан мен Ресей арасында өзендердегі кеме қатынасы жоқтың қасы. Бұл ЕАЭО туралы келісімде қамтылған мәселелердің бірі екені анық. Онда осы саланы көтеру қарастырылған. Қазақстан мен Ресей арасында сауда айналымын осы тасымал жол арқылы жүзеге асыруға мүмкіндік мол. Қазір Қазақстан кемелерінің Ресей өзендерінде жүруіне рұқсат алу керек», - дейді ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Инфекционист: БҚО бойынша вакциналау қарқыны жоғары деңгейде жүріп жатыр -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды