- Басты
- Жаңалықтар
- Ә.Жақсыбеков ТМД елдерінің қауіпсіздік кеңестері хатшыларының кездесуіне қатысты
Ә.Жақсыбеков ТМД елдерінің қауіпсіздік кеңестері хатшыларының кездесуіне қатысты
«Кездесу барысында өңірлік қауіпсіздікке төнетін сын-қатерлерді бағалау, халықаралық лаңкестік пен діни экстремизмге қарсы тұру, сондай-ақ халықаралық ақпараттық қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері жөнінде пікір алмасылды», - делінген хабарламада.
Ә.Жақсыбеков өз сөзінде лаңкестікпен және экстремизммен күресте, заңсыз есірткі тасымалының жолын кесу мәселесінде Қазақстанның құзіретті органдары қабылдап жатқан шараларға ерекше тоқталды.
Ауғанстаннан халықаралық коалиция әскерлерін шығару үрдісінің аяқталуына байланысты осы қатерлердің Қазақстан мен Орталық Азия үшін өзекті бола түсетіні айрықша атап өтілді.
Халықаралық ақпараттық қауіпсіздік проблемасына қатысты алсақ, елдердің ақпараттық кеңістіктегі іс-әрекеттерін реттейтін бірыңғай халықаралық нормалар мен ережелерді бекіту мәселесін өңір мемлекеттерінің БҰҰ деңгейінде ілгерілету жөніндегі бірлескен күш-жігеріне қолдау білдірілді.
Сондай-ақ Ә.Жақсыбеков Мәскеуде Ресей Федерациясы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Н.Патрушевпен келіссөздер өткізді. Тараптар қауіпсіздік саласындағы екіжақты ынтымақтастыққа қатысты проблемалардың кең ауқымын талқылады, әлемдік саясаттың өзекті мәселелері бойынша пікірлерін айтты.
-
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына текеру жүргізілді -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
ІІМ: Балалардың жолдағы қауіпсіздік шаралары -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Білім беру нысандарындағы қауіпсіздік шаралары қалай ұйымдастырылып жатыр