- Басты
- Жаңалықтар
- «Дипломмен ауылға» бағдарламасының қатысушыларына 129 мың теңге көлемінде бір жолғы төлем беріледі (Брифинг бейнебаяны)
«Дипломмен ауылға» бағдарламасының қатысушыларына 129 мың теңге көлемінде бір жолғы төлем беріледі (Брифинг бейнебаяны)
26 Қыркүйек, 2014 15:54
«Дипломмен ауылға» бағдарламасының қатысушыларына 129 мың теңге көлемінде бір жолғы жәрдемақы төленеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді.
«Ауылға келетін жас мамандар толықтай орналасып, үй алуға мүмкіндік таба бермейді. Осыған орай, ауылға келген жас мамандарға бір реттік жәрдемақы ретінде 70 АЕК көлеміндегі 129 мың теңге төлейтін бағдарлама дайындалды», - дейді ол.
Сонымен қатар, вице-министрдің айтуынша, жас мамандарға 15 жылға дейін 0,1 пайыздық бюджеттік несие беріледі.
«Ең басты мәселе үй салу немесе сатып алу туралы еді. Бүгінде аталмыш мәселе шешімін тауып отыр. 15 жылға 0,1 пайыздық мөлшерлемемен бюджеттік несие берілмек. Бұл шамамен бүгінгі күн бойынша 1,5 мың АЕК, яғни 2 млн 778 мың теңге», - дейді Қ.Өскенбаев.
Индира Қауметова
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді