- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада жұмысшы жастар арасында «Еңбек адамы» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Астанада жұмысшы жастар арасында «Еңбек адамы» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Қазақстанның әр өңірінен байқауға қатысуға жұмысшы жастардан 100 шақты өтініш келіп түсті. Алты аталым бойынша жеңімпаз атануға кен-химия, металлургия, мұнай-газ, құрылыс саласы мен машина құрылысы және көлік жүйесінің мамандары келіп қатысты.
Ұйымдастыру комитетінің хабарлауынша, байқау арқылы жастар арасындағы жұмысшы мамандықтары кеңінен танылып қана қоймай, мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің деңгейі де артпақ.
Осылайша байқаудың жеңімпазы ретінде №1 Ақтөбе ферроқорытпа зауыты балқыту цехының өндірістік аға шебері Диас Науразбаев, «Қазфосфат» ЖШС зауытты басқару бөлімінің өндірістік-техникалық өндірісін дайындау инженері Нұрбол Тұрымбетов, «Мұнайхим LTD компаниясы» ЖШС жұмыскері Бейбіт Сағиев, «Фортис» ЖШС бригадирі Дарья Путинцева, «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ жұмыскері Талғат Құсайынов пен «Қазақстанның кеме қатынасы тіркелімі» РМКМ кемені техникалық тіркеу және классификациялау бас инженері Жоламан Оразов танылды.
Қазылар үміткерлерді өңірлерінің дамуына қосқан үлесі, өзінің жұмысына деген адалдығы мен көзқарасы, ұйымдастырушылық және жұртпен араласу қасиеттері, жеке жетістіктері, марапаттары мен өзіндік бастамалары, сонымен қатар кәсібінен тыс шығармашылық қызығушылықтарына қарай бағалады.
Айта кету керек, шараны «Қазақстанның жұмысшы және ауыл жастарының қауымдастығы» корпоративтік қоры ұйымдастырды.
Камила Амирова
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Ж.Бекшин: Коронавирус жұқтырғандар арасында жастар көп -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
АҚШ-та балалар арасында коронавирус көбеюде, ал ДДСҰ COVID-19-ға қарсы 3 препаратты сынақтан өткізбекші -
Еңбек қауіпсіздігі: Жұмысшылар құқығы, өндірістік жарақат және әлеуметтік төлемдер -
30 жыл: “Тәуелсіздік ұрпақтары” байқауының талаптары мен шарттары -
АХҚО олимпиада жеңімпаздары Қазақстан мен Ресейдің жетекші ЖОО-ларында білім алмақ -
Шетелдегі қандастармен мәдени-гуманитарлық байланыс, білім гранттары және қазақ жастарының клубы -
Жаһандану және жастар тәрбиесі