- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев: Сауд Арабиясы Қазақстанның маңызды серіктестерінің бірі болып саналады
Н.Назарбаев: Сауд Арабиясы Қазақстанның маңызды серіктестерінің бірі болып саналады
Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясы Қазақстанның маңызды серіктестерінің бірі болып саналатындығына тоқталды.
«Корольдік біздің елімізге тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап екіжақты саяси іс-қимыл тұрғысынан да, халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастық арқылы да қолдау көрсетіп келеді. Сіздің елдің көмегімен Астанада бірқатар ғимараттар салынды, бұл біздің екі мемлекет арасындағы достық қарым-қатынастардың көрінісі болып саналады. Қазақстан Корольдікпен түрлі салаларда, соның ішінде сауда-экономика саласында ынтымақтастықты бұдан әрі дамытуға дайын», - деді Мемлекет басшысы.
Өз кезегінде Абдалла Әл аш-Шейх Елбасының қабылдауына ризашылығын білдіріп, бұл оның Қазақстан Президентімен төртінші рет кездесуі екенін айтты. Ол ТМД мемлекеттері ішінде айрықша орынға ие біздің еліміздің қарқынды дамуына назар аударды.
«Сауд Арабиясы Корольдігінің Консультативтік Кеңесінің төрағасы екі елдің арасында ынтымақтастықты кеңейтуге болатын бірқатар перспективалы салалардың бар екенін де атап өтті», - делінген хабарламада.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Президент тапсырмасы: Биржадағы саудада тәртіп орнай бастады -
Нашақорлықпен күрес күні: Есірткі саудасы, интернет алаяқтық және алдын алу шаралары -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы -
Қылмыстық процесті жаңғырту, адам саудасы және интернет алаяқтықтың алдын алу шаралары -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары