- Басты
- Жаңалықтар
- USAID Қазақстанда инфекциялық ауруларға қарсы күрес бағдарламасын бастайды
USAID Қазақстанда инфекциялық ауруларға қарсы күрес бағдарламасын бастайды
«Қазақстанның USAID агенттігімен әріптестігі бес жыл бұрын басталды, әлі де жалғаса түспек. Нақтырақ айтсақ, туберкулез бен ВИЧ/ЖИТС ауруларын емдеу саласындағы денсаулық сақтау жүйесінде жұмыс істемек. Қазіргі таңда мұндай инфекциялық аурулар Қазақстанда күн тәртібінде тұр. Сонымен қатар, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, ЮНИСЕФ секілді өзге де ұйымдар қызмет етуде. Олардың әрқайсысының денсаулық сақтау саласында өзіндік бағдарламалары мен жобалары бар. Олардың көпшілігі ана мен бала денсаулығына арналған», - дейді ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Гүлнар Құлқаева.
Сондай-ақ, АҚШ-тың Орта Азиядағы халықаралық даму агенттігі миссиясының өңірлік директоры Джонатан Аддлтон баспасөз конференциясында Қазақстанда ана мен бала денсаулығы және отбасын жоспарлау саласындағы жобалардың бес жылдық бағдарламасына оң қорытынды берді.
«Біздің бағдарламамыз аяқталды. Мен жеткен жетістіктерімізді жоғары бағалаймын. АҚШ Қазақстанмен 20 жыл бойы ана мен бала денсаулығы саласында ауқымды жұмыстар атқарды. Мысалға айтар болсақ, USAID агенттігі жаңа туған нәрестелердің өмірін сақтау бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бағдарламаны енгізуге қолдау білдірді. Содан бері жаңа туған нәрестелердің өлім-жітімі 14%-ға азайды. Бір ғана Қызылорданың өзінде 200 шақты нәрестенің өміріне араша болды. Қазіргі таңда Қызылорда аудандарында жаңа туған нәрестелерді күту бөлімдері бар», - дейді Джонатан Аддлтон.
Айта кетейік, он жыл ішінде Қазақстандағы ана өлімі көрсеткіші 65%, нәресте өлімі 2008 жылдан бері 60%-ға азайды. Сонымен қатар, отбасын жоспарлау тәжірибесін қолдану жиілігі соңғы бірнеше жылда 10%-дан 50%-ға дейін көбейді. 2007 жылдан бері 2000-нан астам медицина қызметкері USAID бағдарламасы аясында оқытылды.
Камила Амирова
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері