- Басты
- Жаңалықтар
- 2014 жылы ШҚО-да жергілікті автожолдың 121 шақырымы жөнделеді
2014 жылы ШҚО-да жергілікті автожолдың 121 шақырымы жөнделеді
«Көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында Қытай-Қазақстан-Ресей-Монғолия көлік-логистикалық жүйесін құру басты мәселе болып табылады. Облыс аумағында республикалық маңызы бар жолдар жөнделуде. Биыл 121 км жергілікті автожол жөнделеді. Оған 10,8 млрд теңге бөлінді», - дейді әкім.
Айта кету керек, ШҚО Қазақстанның ең ірі өңірлерінің бірі. Оның аумағы 283,3 мың шаршы шақырым. Облыс халқы шамамен 1,4 млн адамды құрайды. Өңір экономикасы өнеркәсіптік өндіріс пен агроөнеркәсіптік кешенге бағытталған. Өнеркәсіпте түсті металлургия, машина жасау, электр энергетикасының үлесі мол. Өнеркәсіптік өндіріс өнімінің көлемі биылғы жылдың 8 айында шамамен 4 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 8,5%-ға артық. ШҚО-да Қазақстанның барлық металлургия өнімінің төрттен бірінен артығы өндіріледі. Өңір аумағында қорғасын қорының 27%-ы, мырыштың 47,7%-ы, мыстың 47,9%-ы бар. Сонымен қатар, Шығыс Қазақстанға республикадағы машина өндірісі өнімінің 27,4 пайызы тиесілі.
Индира Қауметова
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Әкімдерді сайлау: «Жергілікті тұрғындар мен билік арасындағы байланыс нығаяды» -
Абай жылының айшықты тұстары -
Әкімдерді сайлау: «Бұл - жергілікті өзін-өзі басқару институтын дамыту жолындағы заңды қадам» -
Автожолдың ахуалы қандай -
2021 жылы жол-көлік оқиғаларының көбеюіне не себеп болды -
Жамалбек Шәріпбек: Түркістанның жаңа статусы жергілікті халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуда -
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты -
2021 жылы қазақстандықтар үшін қандай тұрғын үй бағдарламалары қолжетімді