• Басты
  • Жаңалықтар
  • ШҚО-да әлеуметтік нысандардың құрылысына 70 млрд-тан астам теңге бағытталды

ШҚО-да әлеуметтік нысандардың құрылысына 70 млрд-тан астам теңге бағытталды

26 Қыркүйек, 2014 11:55
2014 жылдың 8 айында ШҚО-да әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысына 70 млрд-тан астам теңге бағытталған. Бұл туралы ОКҚ брифингінде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мәлімдеді.

«8 ай ішінде әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысына 73 млрд теңге бағытталды. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 107,6 пайыз өсімді құрайды», - деді ол.

Ол, сондай-ақ, бүгінде облыс бойынша әлеуметтік маңызы бар 100 нысанның құрылысы жүріп жатқанын айтты.

«Бүгін облыста 98 әлеуметтік нысан салынуда, оның 31-і мектеп, 20-і медицина нысаны, барлық нысандар осы жылы аяқталатын болады, кейбір мекемелер кестеге сәйкес келер жылға қалдырылады»,- деді ол.

Айта кетерлігі, Шығыс Қазақстан облысы жергілікті бюджет қаражатына құрылыс жүргізу бойынша елімізде жетекші аймақтардың бірі болып саналады.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар