• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2014 жылдың соңына дейін ШҚО-да 2 мың пәтер пайдалануға беріледі – Сапарбаев (Брифинг бейнебаяны)

2014 жылдың соңына дейін ШҚО-да 2 мың пәтер пайдалануға беріледі – Сапарбаев (Брифинг бейнебаяны)

26 Қыркүйек, 2014 11:32
Жыл соңына дейін Шығыс Қазақстан облысында 360 мың шаршы метр тұрғын үй, яғни 2 мың пәтер пайдалануға беріледі. Бұл туралы ОКҚ брифингінде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мәлімдеді.

«Біздің болжамымыз бойынша жыл соңына дейін 360 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі, біз сондай-ақ, несиелік баспана мен ипотекалық баспана бағдарламаларын да қолданамыз. Қазір біз қосымша қаржы көздеріне, яғни, жеке кәсіпкерлерден қаржы тарту мәселелеріне назар аудара бастадық», - деді әкім.

Сондай-ақ, Б.Сапарбаев 2014 жылдың 8 айында 180 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілгенін айтты.

«Мемлекет басшысының басты тапсырмаларының бірі – халықты баспанамен қамту. Өздеріңізге мәлім, бұл мақсатты іске асыру үшін республикада «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы жұмыс істейді. Аталмыш бағдарлама 8 ай ішінде 172 мың шаршы метр тұрғын үй салуға мүмкіндік берді», - деді ол.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар