- Басты
- Жаңалықтар
- Microsoft Kazakhstan мен НЗМ білім беру саласында ынтымақтастық туралы келісімге келді
Microsoft Kazakhstan мен НЗМ білім беру саласында ынтымақтастық туралы келісімге келді
Аталмыш келісім шеңберінде білім беруді трансформациялау, білім беруге инновация енгізу, 21 ғасырдың қабілеттерін жетілдіру мен жұмыспен қамту міндеттемелерін шешу жолында бірлесе жұмыстар атқарылмақ.
«Меморандумға қол қою рәсімі Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өтті. Мектептің жаңа ғимараты 2014 жылы пайдалануға берілген болатын. Салтанатты шараға Шығыс және Орталық Еуропадағы Microsoft компаниясының вице-президенті Дон Грэнтем, «Назарбаев Зияткерлік мектебі» АБҰ басқарма төрағасының орынбасары Руслан Жәменков пен Microsoft Kazakhstan компаниясының бас директоры Алексей Рештенко қатысты», - деп хабарлайды НЗМ баспасөз қызметі.
«Microsoft компаниясының алдында қазақстандық оқу орындарының, олардағы ұстаздардың, оқушылар мен әкімшіліктердің жаңа ақпаратты технологиялар өнімдеріне деген қолжетімділігін арттырып, білім беру саласында жаңаша технологиялық шешімдерді енгізу тәжірибесін дайындау міндеттемесі тұр. Біз қазірдің өзінде Зияткерлік мектептермен бірқатар бірлескен жобаларды іске асырып жатырмыз.
Атап айтар болсақ, біздің Office 365 өнімін Назарбаев мектептерінің 10 мыңнан астам оқушысы тұрақты пайдаланады. Аталмыш келісім біздің Қазақстандағы білім беру саласына қосатын үлесімізді көбейтіп, бірлескен жобалардың санын арттыра түсетініне үміт етеміз», - дейді Microsoft Kazakhstan компаниясының бас директоры Алексей Рештенко.
Жасаланған келісім аясында Назарбаев Зияткерлік мектептері мен Microsoft Kazakhstan компаниясы бірлескен жобаларды қолға алуды жоспарлап отыр.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері