- Басты
- Қостанай облысы «Мерейлі отбасы» республикалық байқауына қатысқан Жаңбыршиновтар отбасын күтіп алды
Қостанай облысы «Мерейлі отбасы» республикалық байқауына қатысқан Жаңбыршиновтар отбасын күтіп алды

Туған өлкелері Қостанай облысы Жаңбыршиновтар отбасын құшақ жая қарсы алды. Өйткені, бұл отбасы республикалық байқауға барып өңірдің намысын қорғап қайтты. Аталмыш байқауға биыл республиканың түкпір-түкпірінен жалпы саны 1300-дей қазақстандық отбасы қатысты. Қазылар үміткер отбасының әр мүшесін жеке-жеке бағалай отырып жеңімпаздарды анықтады.
Жаңбыршиновтар отбасы өз өмірлерін мал шаруашылығына арнаған адамдар. Отағасы Зейнолла Жаңбыршинов ғалым, ауыл шаруашылығы саласының еңбек сіңірген жұмыскері, Әулиекөл ауданындағы «Москалевская» ЖШС директоры. Олардың осы саладағы жалпы еңбек өтілі -300 жыл.
«Мен ұжымнан білім алдым. Сауатымды анам мен әжем ашты. Еңбекке ерте кезден араластым, қазіргі таңда өзімнің өмір мектебімнен алған сабақтарымды ұрпағыма үйретіп кетсем деймін. Бала-шаға қазір өзіміздің ұжымда жұмыс істейді. Әрқайсысының өз қызметі бар. Барлығымыз қазір Москалевкада бір кісідей еңбек етіп жатырмыз», - дейді Зейнолла Жаңбыршинов.
Айта кету керек, бұл әулет өте үлкен. Ақсақал 5 ұлынан қазір 11 немере мен шөбере сүйіп отыр. Әулетте барлығы 25 адам бар. Балаларының барлығы туған жерлерінде қызмет етуде.
Индира Қауметова
-
Экология министрі су тасқыны қаупінің алдын алу шараларын айтты
-
Елордада 1980 адам коронавирусқа қарсы екпе салдырды
-
Қаңтар айында көпбалалы аналар 22,5 млн теңгеге жәрдемақы алды
-
Елордада «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының мүшелерімен кездесуі өтті
-
Вирусты аурулардың алдын алу, иммунитетті көтеру және постковидті асқынулар туралы не білу керек
-
ҚР-дағы вакцинациялау: 700-ден астам дәрігер екпе салдырды
-
«Antikor Live»: Жыл басынан бері 28 лауазымды тұлға жемқорлықпен ұсталды – тергеуші
-
Еңбек адамдары мемлекеттік наградалармен марапатталды
-
М.Құрманбаев: Цифрландыру шараларын iске асыру барысында 8 iрi өндiрiс орнымен меморандум жасалды
-
«Спутник-V» вакцинасы: Аргентина, Венесуэла тұрғындары салдырды, ғалымдар тиімділігін дәлелдеді
-
Президент тапсырмасы: Қазақстан үкіметі қандай шараларды қолға алды
-
Елімізде коронавирусқа қарсы вакцинациялау науқаны басталды
-
Е.Алтынбеков: Жамбыл облысында адвокаттар саны артып, нотариус қызметіне өзгерістер енгізілді
-
Сарапшылар пікірі: "Вакцина салдырудан бас тартқандар жауапкершілікке тартылмайды"
-
Жаңа Әкімшілік рәсімдеу-процессуалдық Кодексінен не күтеміз

