- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық журналистер Ақтөбедегі медиафорумда бас қосады
Қазақстандық журналистер Ақтөбедегі медиафорумда бас қосады
Ақтөбеде «Өңірлік БАҚ-тардың жұмысын жаңғырту» тақырыбы бойынша медиафорум өткізіледі. Бүгінгі күні медиафорумға қатысуға ниет білдірген 200-ден астам БАҚ редакцияларынан ұсыныстар келіп түсті. Форум жұмысына Ақтөбе облысының БАҚ өкілдері ерекше ықылас білдіріп, оған қатысуға ұжым болып тапсырыстар беруде. Аталмыш шараға Қазақстанның барлық өңірлерінен редакторлар мен журналистер келеді деп күтілуде.
Форум барысында бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері Астана, Алматы және Москва қалаларынан медиафорумға арнайы шақырылған тренерлердің шеберлік кластарына қатысып, кәсіби шеберліктерін жетілдіреді. Бапкерлерді таңдауда журналистердің пікірлері ескеріліп, форум жұмысы тәжірибелік дәрістерге бағытталды.
Форумның пленарлық мәжілісін Ақтөбе облысының басшылығы ашып, мәжілісте Қазақстан журналистер одағының төрағасы С.Матаев, «Эра» телекомпаниясы» ЖШС директорлар кеңесінің төрайымы, Бас редакторлар клубының президенті Б.Жексенбай, режиссер, сценарист Е.Головня (Москва қаласы), режиссер Г.Үкетайқызы, «Түркістан» газетінің бас редакторы Ш.Паттеев сөз сөйлейді.
Форум қонақтары «Қазақстан - Ақтөбе» және «Рика - ТВ» телекомпанияларында болып, Ақтөбе қаласындағы бірқатар өндірістік және әлеуметтік-мәдени нысандарының жұмысымен танысады.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді