- Басты
- Жаңалықтар
- Әр саланың үздік мамандары «Еңбек ардагері» медалімен марапатталады – Д.Арғандықов
Әр саланың үздік мамандары «Еңбек ардагері» медалімен марапатталады – Д.Арғандықов
«Аталмыш шара елімізде алғаш рет қолға алынып отыр. Онда еңбектің әр саласының өкілдері марапатталады және барлық сала қамтылмақшы», - дейді ол.
Оның айтуынша, аталмыш марапатқа 40 жылдай еңбек өтілі бар, соның ішінде бір салада 10 жылдай тер төгіп, өз қызметінде ауыз толтырып айтарлықтай жетістікке жеткен адамдар ие болмақ.
«26 қыркүйекте Еңбек күніне арналған республикалық көлемдегі форум өткізуді жоспарлап отырмыз. Оған қатысу үшін елордаға еліміздің барлық өңірінен 200-дей делегат келмекші», - дейді вице-министр.
Айта кету керек, шараны ұйымдастырушы - Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының кәсіподақтар федерациясы.
«Қазақстанның ұлттық музейінің залында экономиканың түрлі салаларындағы үздік жұмысшыларды «Еңбек ардагері» медалімен марапаттау мен ардагерлерді ұлықтау рәсімі өтеді. Атап айтар болсақ, оның арасында энергетикалық сала, көмір өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, кен-металлургия кешені, мұнай-газ, тұрғын үй - коммуналды шаруашылықтар құрылысы, денсаулық сақтау саласы және т.б. қамтылмақ. Шараға еліміздің әр өңірінен қонақтар келеді. Олар, негізінен, еңбек жолдарында айтарлықтай жетістікке жеткен жұмысшы жастар», - дейді вице-министр.
Индира Қауметова
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
Неонаталды скрининг және оны өту тәртібі -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Инфляцияға қарсы әрекет ету шаралары -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Үздіксіз білім берудің әлеуеті қалай