- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда тұңғыш рет Еңбек күні аталып өтеді (Брифинг бейнебаяны)
Қазақстанда тұңғыш рет Еңбек күні аталып өтеді (Брифинг бейнебаяны)
«Бұл мереке еңбек адамының қоғамдағы статусын көтеруді мақсат етеді. Шара өндірістік қызметті машықтандыруға, жастар арасында жұмысшы мамандықтарын насихаттауға және көпжылдық еңбек дәстүрін нығайтуға аса көңіл бөледі. Бізде мерекелердің саны көп, алайда, жаңадан атап өткізілгелі отырған еңбек күнінде өз күшімен, табандылығымен көрсеткішке қол жеткізген адамдар ұлықталады. Қара терін төгіп жетістікке жеткен адамдар туралы үнемі айтып отыру керек», - деді ол.
Сондай-ақ, вице-министр атап өткендей, мереке аясында бірқатар ұжымдық шаралар өткізілетін болады.
«Бұл мереке тұңғыш рет ұйымдастырылып жатқандықтан, шаралар жоспары республикалық үштарапты комиссия отырысында мақұлданды. Оның құрамына біздің әлеуметтік әріптестеріміз Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстанның кәсіподақтары федерациясы кірді. Аталмыш жоспар аясында спорттық, шығармашылық шаралар, байқаулар өткізіледі. Бұл шаралардың барлығы ұжымдардың бірлігін арттыруға бағытталған», - деді Д.Арғандықов.
Айта кетерлігі, еңбек күніне орайластырылған мерекелік шаралар елдің барлық аймақтарында өтеді. Олардың қатарында Қызылордада еңбек әулетінің форумы, Өскеменде «Мамандығының үздігі», Шымкент, Павлодар, Талдықорған қалаларында «еңбек адамы» байқаулары өтеді.
Индира Қауметова
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті