- Басты
- Жаңалықтар
- «KAZNEX INVEST» ұлттық агенттігі медицина саласындағы шетелдік инвесторлармен бірнеше меморандумға қол қойды
«KAZNEX INVEST» ұлттық агенттігі медицина саласындағы шетелдік инвесторлармен бірнеше меморандумға қол қойды
Ұлттық агенттіктің хабарлауынша, шараға 13 елдің кәсіпкерлері қатысты. Олардың арасында Votem, Schumacher, Osatu, Shimadzu Corporation, Gesan Production, Bemems, Micobiomed, FRESENIUSSE&CO. KGAA, Sewon CellontechCo, Plast Europe, SAgroup, Translumina және өзге де компаниялардың өкілдері бар.
«KAZNEX INVEST» ұлттық агенттігінің кездесу қорытындысы бойынша, «ББ және компаниясы» ЖШС мен Promedical (Италия) арасында қан сақтау мен тазалау гемоконтейнерлерінің бірлескен өндірісін құру туралы меморандум жасалды.
Сонымен қатар, Қазақстандағы медициналық құрылғылардың толық циклді өндірісімен айналысатын «KAZMEDPRIBOR Holding» ЖШС мен Gesan Production Srl компаниясы CHEM-200 автоматты биохимиялық анализатор мен диагностикалық және зертханалық құрылғыларға арналған медициналық реагенттер шығаратын зауыт салу туралы келісімшарт жасады.
Сондай-ақ, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі «KAZNEX INVEST» ұлттық агенттігі мен «KAZMEDPRIBOR» ЖШС Holding және Votem компанияларымен монитор өндіру, Micobiomed компаниясымен глюкоза мен липидтерді мониторингтеу жүйесін өндіру, Osatu компаниясымен дефибриллятор өндіру, «Plast Europe» компаниясымен оташылар үшін стерилденген бөлмелер дайындау туралы өзара ынтымақтастық меморандумдарын жасады.
Бүгінгі таңда «KAZNEX INVEST» агенттігі тарапынан Pfizer, GlaxoSmithKline, Merck, Kormed, BS Medical, Janssen секілді халықаралық компанияларды тарту жұмыстары жүргізілуде.
Камила Амирова
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі