- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда әлемнің 250-ден астам маманы уран өнеркәсібінің өзекті мәселелерін талқылайды
Алматыда әлемнің 250-ден астам маманы уран өнеркәсібінің өзекті мәселелерін талқылайды
Конференция жұмысына Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Франция, Германия, АҚШ, Канада, Норвегия, Ұлыбритания, Жапония және басқа да елдерден келген уран саласының 250-ден астам маманы қатысады.
«VII ХҒТК басты міндеті – халықаралық ғылыми қауымдастық және озық материалдар, техникалар мен жабдықтар жасап шығарушыларға Қазақстанның және басқа да мемлекеттердің атом саласы кәсіпорындарын тұрақты дамыту мақсатында өзекті ғылыми-технологиялық міндеттер мен оларды шешу жолдарын талқылау үшін мүмкіндіктер ұсыну», - деп хабарлады конференция ұйымдастырушылары.
Айта кетейік, VII ХҒТК алаңдарында уран өнеркәсібіндегі инновация; уранның минералды шикізат базасын кеңейту және нығайту, оны болжау мен барлаудың қазіргі заманғы әдістері; уранды жер асты шаймалау технолгогиясының тиімділігі мен қарқынын арттырудың өзекті мәселелері; реакторға дейінгі ядролық отын циклының – конверсия, ядролық отын өндірісінің технологиялары және өзекті мәселелері; сирек, сирек жер металдар олардың негізіндегі жоғары технологиялық өнімдер өндірудің ресурстары мен тиімді технологиялары; атом саласы кәсіпорындарының қауіпсіз жұмыс істеуі және техногенді қалдықтарды басқару; атом өнеркәсібіндегі қуат және ресурс үнемдеудің өзекті мәселелері; атом саласының жұмыс істеуінің құқықтық, макроэкономикалық және білім беру қырлары сияқты бірқатар мәселелер талқыланбақ.
Конференция аясында «В2В» форматын қоса қамтитын бірнеше дөңгелек үстелдер мен тікелей іскерлік келіссөздер өткізу де жоспарланған. Сондай-ақ, жетекші өнім өндіруші компаниялардың секциялар бойынша стендттік баяндамалары мен таныстырылымдары да ұсынылынатын болады.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Шетелдердегі қазақтармен жұмыстың өзектілігі -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда