- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге мемлекеттік қолдау көрсету шаралары жетілдірілуде
Қазақстанда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге мемлекеттік қолдау көрсету шаралары жетілдірілуде
«Бөлініп жатқан субсидиялардың тиімділігін арттыру, төлемді оңтайландыру және ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында субсидияны беру процессін автоматтандыру жоспарланып отыр. Бүгінде Министрлік ауыл шаруашылық тауарын өндірушілерге субсидияны бөлудегі әлемдік тәжірибені зерттеуде. Мұнымен бірге жобаны Еуропа қайта құру және даму банкісі арқылы қаржыландыру мәселесі қарастырылуда», - деп хабарлады ведомствода.
Сондай-ақ, жаңашылдықтар егіншілік шаруашылығын сақтандыру, тұқым шаруашылығын, балық және етті мал шаруашылығын субсидиялау жүйесіне қатысты болмақ.
Сонымен бірге суды пайдаланушылардың су үнемдеу технологияларына өтуін ынталандыру үшін суармалы судың кубтық метріне субсидиялау көлемін есептеу әдісін өзгерту ұсынылып отыр. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге егер қызмет құны минималды көрсеткіштен жоғары болған жағдайда, суды беру қызметі алдағы уақытта субсидияланбақ (минималды құн – 1 куб. м. 0,2 тенге).
«Балық шаруашылығын мемлекеттік қолдау бойынша «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында 2016-2020 жылдары құнды балық түрлерінің ремонттық-аналық табынын ұстауға арналған шығындардың субсидиялау көлемі 1,8 млрд. теңгені құрамақ», - деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Биыл субсидия көлемі 156,6 млрд. теңгені құрады, бұл 2013 жылға (88,7 млрд. теңге) көрсеткіштен 1,8 есеге артық.
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары