Алматы облысында 4 жаңа нысан ашылды

25 Қыркүйек, 2014 09:48
Талдықорған қаласының Мойнақ ауылында денсаулық сақтау, мәдениет және спорт саласының 4 нысаны ашылды.

Талдықорған қаласының Мойнақ ауылында медициналық пункт, Мәдениет үйі, Қазпошта бөлімшесі, кітапхана және № 23 мектеп жанындағы спорт алаңы ашылды.

«Спорт алаңынан бөлек алдыңғы төрт нысан орналасқан ғимарат 2011 жылға дейін жеке меншіктің иелігінде болған. Кейін қала әкімдігінің меншігіне сатылып алынып, биылғы жылы 27, 6 млн. теңгеге күрделі жөндеу жүргізілген», - деп хабарлады Алматы облысының әкімдігі.  

Сол сияқты қорында 1000 дана кітабы бар кітапхана мен «Қазпошта»  бөлімшесінің қызметі де көпшіліктің  игілігіне беріледі.

Барлық жаңалықтар