- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР АШМ-да Қазақстандағы гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздік мәселесін талқылады
ҚР АШМ-да Қазақстандағы гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздік мәселесін талқылады
Орта Азия мемлекеттерінің экономикасы трансшекаралас су ресурстарын пайдаланумен тығыз байланысты. Аймақтың өзен сулары түгелге жуық су қоймалары каскадтарымен реттелген және трансшекаралас өзендер бассейндері басқарылатын су шаруашылығы жүйелері болып табылады. Алайда, ағысты реттейтін гидротехникалық құрылыстар (ГТҚ) бұдан 30-40 жылдар бұрын салынған болатын.
«Бүгінгі күні еліміздегі көптеген гидротехникалық құрылыстар комуналдық меншік (49%) пен жеке меншік (31%) иелігінде тұр. Олардың басым көпшілігі қайта жаңғыртусыз немесе жөнделмей өзінің ресурсын барынша пайдаланғандықтан, қауіптілігі жоғары нысандар болып табылады.
Қазақстанда ГТҚ-ның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін арнайы заңнама жоқ», - делінген хабарламада.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі 2008 жылы «Гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігі туралы» деген заң жобасын әзірлеген болатын. Үкімет заң жобалау жұмыстары аясында ведомствоаралық комиссиясының ұсыныстарын ескере отырып, жеке заң қабылдаудың орынсыз екендігі туралы шешім қабылдап, 2009 жылдың басында қабылданған Су кодексіне енгізілді.
Бүгінде гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігі туралы заң жобасын әзірлеу және қабылдау қажеттігі анықталып отыр. Ол гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігі саласында құқықтық қатынастарды реттеуге, жұмыс істеп тұрған су шаруашылық объектілерін қайта жөндеуге және жаңаларын салуға, инвестициялар, оның ішінде сырттан инвестициялар тартуға, трансшекаралас өзендердің су ресурстарын пайдалануды реттеу мәселелері бойынша көршілес мемлекеттермен қарым-қатынасты орнықты дамытуға, су объектілері бассейндеріндегі тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
Қазақстандағы банк секторының даму бағыты -
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына текеру жүргізілді -
ІІМ: Балалардың жолдағы қауіпсіздік шаралары -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 2 есеге өскен -
Қазақстандағы миграцияның негізгі тенденциялары -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 4 есеге артты -
COVID-19: Қазақстандағы эпидахуал, «қызыл» аймақтағы өңірлер және вакциналау барысы -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы