- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Ушаков: Біз Астана мен Рига арасында капиталды инвестициялау үшін кәсіпкерлерге жағдай жасауға ниеттіміз
Н.Ушаков: Біз Астана мен Рига арасында капиталды инвестициялау үшін кәсіпкерлерге жағдай жасауға ниеттіміз
Форумға қатысушылар ынтымақтастық әлеуетін талқылап, жаңа жобаларды сөз етті.
«Қазақстанның құқықтық-келісім базасы өте жоғары. Рига мэрі мен делегацияның сапары жобалар бойынша ынтымақтастыққа жол ашып, сауда-экономикалық салада қарым-қатынасты нығайта түсуге септігін тигізеді», - деді Астана әкімі Иманғали Тасмағанбетов.
Өз кезегінде, Риганың мэрі Нил Ушаков екі қаланың әлеуеті жоғары екенін атап өтті.
«Біздің елдер арасындағы тауар айналым 360 млн долларды құрайды, ағымдағы жылдың бірінші жартысы бойынша ол 155 млн долларды құрады, қазақстандық нарық пен біздің ынтымақтастығымыз жоғары әлеуетке ие», - деді ол.
Н.Ушаков атап өткендей, Астананың қарқынды дамуы мен қалалар арасындағы қызығушылық елдер арасындағы ынтымақтастықты шыңдай түседі.
«Астана – қарқынды дамып келе жатқан қала. Екі қаланың арасындағы қарым-қатынасты дамыту экономикалық және мәдени байланыстарды нығайта түседі. Біз өзара ынтымақтастықты дамытуға, тауар айналымын арттыруға ниеттіміз. Құрылыс және басқа салалардағы, әсіресе туризм саласындағы Қазақстанның тәжірибесіне қызығушылық танытып отырмыз», - деді Рига қаласының мэрі Нил Ушаков.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция