- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан делегациясы МАГАТЭ Бас конференциясы 58-ші Сессиясының жұмысына қатысуда
Қазақстан делегациясы МАГАТЭ Бас конференциясы 58-ші Сессиясының жұмысына қатысуда
ҚР СІМ хабарлағандай, Бас конференцияның негізгі назарында ядролық энергетиканың келешекте дамуына, ядролық және радиациялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, ядролық энергияны, ядролық технологияларды бейбіт мақсатта қолдануға және жұмсауға, техникалық ынтымақтастыққа, кепілдіктердің ықпалдылығы мен тиімділігіне қатысты мәселелер болады.
«Қазақстандық делегация басшысының мәлімдемесінде еліміздің қарусыздану және ядролық қаруды таратпау жолындағы жетістіктері, ҚР мен АЭХА арасындағы ядролық энергияны бейбіт мақсатта қолдану аясындағы тиімді ынтымақтастығы қамтылған. Іс-шараға қатысушылар ұлттық ядролық - энергетика бағдарламасын дамыту және ҚР алғашқы АЭС құрылысы туралы жоспарлар жөнінде ақпараттандырылды. АЭХА-ға мүше мемлекеттердің назары Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық таратпау саласындағы және «АТОМ» жобасы бойынша бастамаларына назар аударылды», - делінген хабарламада.
Министр В.Школьник АЭХА-нің, Агенттікке мүше жетекші мемлекеттер делегацияларының басшылықтарымен бірқатар кездесулер өткізіп, олардың барысында ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады.
Бас конференцияның өтуі кезеңінде БҰҰ Венадағы бөлімшесінде Ұлттық ядролық орталықтың көрмесі ұйымдастырылды.
Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік 1957 жылы құрылған. 1994 жылғы 14 ақпанда Қазақстан Республикасы АЭХА-ның 121-ші мүше мемлекеті болып тіркелді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді