- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР-да медициналық сақтандыруды енгізу жауапкершілікті арттыруға мүмкіндік береді – Ж.Баттақова
ҚР-да медициналық сақтандыруды енгізу жауапкершілікті арттыруға мүмкіндік береді – Ж.Баттақова
Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Қазақстан Республикасы Парламентінің қос палатасының бірлескен отырысында сессияны аша отырып, батыстық елдер үлгісіндегі міндетті медициналық сақтандыру қорын құру қажеттілігін айтты. «2017 жылдан бастап міндетті медициналық сақтандыру қорын құра отырып, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің медициналық қызметтерді төлеу комитетін трансформациялау керек. Қазір жұмыс істеп тұрған Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі аталмыш қор үшін база болмақ», - деді Елбасы.
«Бүгін денсаулық сақтаудың бюджеттік моделі басымдылыққа ие. Мұнда денсаулық сақтау жүйесін дамытудың моделі өзгертіледі. Медициналық сақтандыруды енгізу жұмыс берушінің, мемлекеттің және азаматтардың өз денсаулығына деген жауапкершілігін жақсартуға мүмкіндік береді», - дейді Ж.Баттақова.
Айта кету керек, жалпы, денсаулық сақтаудың бірнеше моделі бар. Атап айтар болсақ, бюджеттік, сақтандыру және нарықтық модель.
Қазіргі таңда, оның айтуынша, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі медициналық тарифтерді және медициналық жарналарды енгізу процедурасын анықтау үшін жұмыс тобын құрды.
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы 2015 жылы аяқталады. Енді біз 2016-2020 жылдарға арналған жаңа бағдарламаны дайындап жатырмыз. Онда алдын алу бағыттарындағы жұмыстарға басымдылық берілмек», - дейді.
Камила Амирова
-
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі