ҚР Ұлттық музейінде Қытай мәдениетінің көрмесі өтеді

24 Қыркүйек, 2014 19:43
25 қырүйек күні ҚР Ұлттық музейінде Қытай фарфор өнерінің көрмесі мен фотокөрме ұйымдастырылады, деп хабарлады мәдениет және спорт министрлігі.

Көрмеде Қытайдың заманауи фарфорлық бұйымдары, керамикалық бұйымдар, қолөнер заттары таныстырылады. Шара Қазақстандағы Қытай Халық Республикасының мәдениет күндеріне арналған.

Көрменің ашылуына Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы мен ҚХР мәдениет вице-министрі Сянь Чжаолуня қатысады. 

Барлық жаңалықтар