- Басты
- Жаңалықтар
- Е.Ыдырысов: Климаттың өзгеруі мәселесі халықаралық қауіп болып есептеледі
Е.Ыдырысов: Климаттың өзгеруі мәселесі халықаралық қауіп болып есептеледі
Е. Ыдырысов климаттың өзгеруі мәселесі халықаралық қауіп екенін атап өтті. «Сол себепті оның салдарын жұмсартып, бейімделу тек бір елдің немесе өңірдің аумағымен шектеліп қалмауы керек. Оған бүкіл халықаралық қауымдастық жұмылуы тиіс», - деп мәлімдеді ҚР СІМ басшысы.
Содан кейін ол Саммитке қатысуышыларды «Қазақстан 2050» стратегиясы аясындағы Қазақстанның климаттың өзгеруіне байланысты саясаты мен қолға алған іс-шаралары туралы таныстырды.
«Стратегияның негізінде 2050 жылға дейін 30 дамыған елдің қатарына кіру мұраты жатыр. Осы мақсаттарға жетудің арқауы - «жасыл» экономиканы дамыту, қуат тиімділігін арттыру, балаламалы қуат көздері саласын ынталандыру. Әрине Қазақстан дәстүрлі қуат көздерін өндіруші ірі елдердің қатарына кіреді. Алайда, біз ЖІӨ қуат көздерін мол пайдаланудан арылу, энергетика саласындағы көмірқышқыл газының бөлінуін азайтуға талпынып отырмыз. Бүгінгі таңда біздің жасыл экономикаға талпыныс саясатымызды жүзеге асыру үшін құқықтық негіздеме болатын, сәйкес заңнама мен нормативті актілер қабылданды»,- деп атап өтті Е. Ыдырысов.
Сондай-ақ, ол «Қазақстан-2050» Стратегиясына сәйкес, төмендегідей мақсат қойып отырмыз: 2050 жылға дейін 2008 жылмен салыстырғанда ЖІӨ қуат көздерін жаратуды 50% азайту; 2050 жылға дейін электр қуатын өндіру барысында көмірқышқыл газының бөлінуін 40% кеміту; 2050 жылға дейін электр қуатын өндіруде дәстүрлі емес қуат көздерін пайдалануды 50% арттыру.
Е. Ыдырысов халықаралық мамандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесінің Қазақстанда өтуінің маңыздылын да атап өтті. «Көрме үшін Қазақстан «Келешектің қуаты» тақырыбын таңдады. Ол өз кезегінде энергетикалық және климаттық мәселелерді шешудегі сұхбаттың кеңеюіне және бірлескен шешім қабылдауға түрткі болатынына сенім артамыз», деп мәлімдеді қазақ дипломаты.
Сол күні Азиялық қоғамда «Үлкен Орталық Азиямен экономикалық байланыстарды кеңейту» тақырыбында форум болып өтіп, оған Е.Ыдырысов, АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары У.Бэрнс, Қырғызстан, Тәжікстан және Пәкістанның өкілдері қатысты. Қазақстан СІМ басшысы өз сөзінде атап өткендей, еліміз аймақтың құрлықтағы қамауын таршылықтан артықшылыққа айналдырып, оның Еуропа мен Азия арасындағы көпір ретіндегі рөлін қайта жаңғырту мақсатында континеттегі өзара тиімді экономикалық байланыстарды дамытуды қолдайды. Сонымен қатар, ол Астана «атақты бұрын орын алған Үлкен ойын философиясын барлығы үшін Үлкен жеңіс философиясына айналдыруды» қолдайтынын атап өтті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі