- Басты
- Жаңалықтар
- ОА-дағы эпидемиологиялық жағдай Қауіпсіздік Кеңесінің жанындағы Сарапшылық кеңесте талқыланды
ОА-дағы эпидемиологиялық жағдай Қауіпсіздік Кеңесінің жанындағы Сарапшылық кеңесте талқыланды
Отырысқа мемлекеттік органдардың жетекшілері, санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық қызметтердің басшылары, сондай-ақ бейінді қазақстандық ғылыми-зерттеу институттардың сарапшылары қатысты.
«Талқылау барысында ҚР Мемлекеттік хатшысы – Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының міндетін уақытша атқарушы Ә.Жақсыбеков сырттан келетін және ішкі эпидемиологиялық қауіп-қатерлердің өсуі жағдайында Қазақстанның биологиялық қауіпсіздігін күшейту мақсатында профилактикалық және алдын алу шараларын уақтылы қабылдаудың маңыздылығын атап өтті», - делінген хабарламада.
Сарапшылар Орталық Азияда санитарлық-эпидемиологиялық тәуекелдің өсуіне байланысты алаңдаушылығын білдірді. Жаңа инфекциялық аурулар мен вирустардың (Эбола безгегі, қызылша эпидемиясы, туберкулез, оба және басқалар) тарауы Қазақстан халқының денсаулығына және экономикалық тұрақтылығына қатер төндіретіндігі атап өтілді.
Қазақстанның санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық қызметтерін дамытуды мемлекеттік қолдау шаралары, сондай-ақ бұл саладағы халықаралық ынтымақтастықтың болашағы пысықталды.
Ә.Жақсыбеков мемлекеттік саясатты күшейту, ұлттық санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық қызметтердің инфрақұрылымын жаңарту, азаматтардың денсаулығы мен өмірін қорғауды қамтамасыз етуде ведомствоаралық ынтымақтастық механизмдерін жетілдіру қажеттілігін атап өтті.
Жұмыстың қорытындысы бойынша Сарапшылық кеңес тиісті мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берді. Мәселе Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысына шығарылады.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді -
ДСМ: Қазақстанда эпиджағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады