- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада «Еңбек адамы» байқауының жеңімпаздары марапатталады
Астанада «Еңбек адамы» байқауының жеңімпаздары марапатталады
«Жұмысшы жастар арасындағы «Еңбек адамы» байқауына Қазақстанның әр өңірінен шамамен жүз шақты өтініш келіп түсті. Солардың арасында жүзден жүйрік шыққандар Астанада марапатталатын болады», - деп хабарлайды «Қазақстанның жұмысшы және ауыл жастары қауымдастығы» КҚ.
Алты аталым бойынша кен-химия, металлургия, мұнай-газ, құрылыс, машина құрылысы мен көлік жүйесі саласының жас жұмыскерлері бақ сынасты. Қатысушылар ұйымдастыру комитетіне анкета-өтініш, жұмыс орнынан мінездеме және «Мен және менің жұмысым» тақырыбында өзі туралы таныстырылым тапсыру талап етілді.
Сонымен қатар, қазылар үміткерлерді жергілікті өңірлердің дамуына қосқан үлесі бойынша да бағалады. Одан бөлек өзінің жұмысына деген адалдығы, ұйымдастырушылық және коммуникативті қабілеттері, жеке бас жетістіктері, марапаттары мен бастама ұсыныстарының болуы және шығармашылық қызығушылықтары да ескерілді.
Шара Еңбек күні қарсаңында биылғы жылдың 25 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде өтеді. Жеңімпаздарды атақты қоғам қайраткерлері, депутаттар, мемлекеттік орган өкілдері, шығармашылық зиялылар, журналистер марапаттайды. Шараның ресми бөлімінен кейін мерекелік концерт өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, қыркүйектің соңғы жексенбісіне түсетін жаңа мереке – Еңбек күні 2013 жылдың қараша айында бекітілген еді. Ондағы мақсат – жұмысшы еңбегін ынталандыру, осы мамандық түрлерін жастар арасында насихаттау мен Мемлекет басшысының Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құру идеясы аясында жұмысшылар әулетінің көпжылдық дәстүрлерін нығайту болып табылады. Аталмыш мереке биыл алғаш рет еліміздің әр өңірінде тойланады.
-
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
30 жыл: “Тәуелсіздік ұрпақтары” байқауының талаптары мен шарттары -
АХҚО олимпиада жеңімпаздары Қазақстан мен Ресейдің жетекші ЖОО-ларында білім алмақ -
ІІМ республикалық “Серт” байқауының жеңімпаздарын марапаттады -
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты -
Жұмыспен қамту шаралары: «Еңбек» және «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы қалай іске асып жатыр -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 158 мыңға жуық адам қатысты -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы: нәтижелер, мемлекеттік гранттар, микрокредиттер -
Astana Hub: TechHub.kz платформасын әзірлеу бойынша конкурстың жеңімпаздары анықталды -
Астанада қоғам қайраткері Салтанат Рахымбекова атындағы аллея ашылды -
«Еңбек» бағдарламасы: Тұрақты жұмыс орындары жеті есеге артты -
Жұмыспен қамту шаралары: Жаңа жұмыс орындарының құрылуы/ «Еңбек», «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламаларының іске асуы -
«Еңбек» бағдарламасы бойынша СҚО ауылдарының тұрғындарына 2,5 млрд теңге беріледі -
ФОТО: Астанада полиэтилен пакеттерінен жасалған экологиялық арт-инсталляция ұсынылды