- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжіліс депутаты бюджет қаражатын тиімді пайдалануға шақырады
Мәжіліс депутаты бюджет қаражатын тиімді пайдалануға шақырады
Қазақстан Президенті Н.Назарбаев ҚР Парламентінің төртінші сессиясының ашылуында депутаттарға мемлекеттік саясат саласында бірқатар заң қабылдау тапсырмаларын беріп, Үкімет пен депутаттар алдындағы биылғы жылғы басты қызметтерді атап көрсетті.
«Бүгінгі таңда алдымыздан шығып жатқан мүмкіндіктерді өз деңгейінде қолдана алу үшін Парламент пен Үкімет жұмыстарының үндестік табуы керек. Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына енуіндегі басты міндеттемелердің бірі – әкімшілік реформаны жалғастыру мен кәсіби және ықшам мемлекеттік аппаратты тиімді мемлекеттік басқару жүйесін құру», - деді Н.Назарбаев сессияның ашылуында.
«17 депутат қызмет ететін біздің комитетке (Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті) 12 заң келіп түсті. Жұмыс бастан асып жатыр. Ең бастысы, бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету керек. Бюджетті қарай отырып біз жол сапасын жақсартуға, халықтың әлеуметік деңгейін көтеруге, әлеуметтік қажеттіліктерге қаражат бөліп жатқанымызды жұрт түсіну керек», - дейді төменгі палата депутаты.
Үкіметтің жаңа құрылымы әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру бойынша стратегиялық мәселелерге бағытталуы керек. Министрліктерге заңнамалық актілер қабылдау құзіреті беріліп, ал ведомство комитеттеріне тиісті салалардағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін шешімдерді қабылдау құзіреті берілетін болады.
Сонымен қатар, Елбасы парламентария алдындағы Қазақстанның әлемдегі үздік 30-дыққа ену бағыттарын атап көрсетті.
Біріншісі – жаңа заманның Кодекстерін қабылдау процестерін аяқтау. Атап айтар болсақ, олар Кәсіпкерлік және Азаматтық процессуалды кодекстер. Одан кейінгі қадам 2015 жылдың 1 сәуіріне дейін «Арбитраж туралы» бірыңғай заңды дайындау. «Электронды үкіметтің» көрсететін қызметтері де кеңейе түспек. Рұқсаттама саны 50%-ға дейін азаяды. Сонымен қатар, келер жылдан бастап кедендік рәсімдер де барынша жеңілдетілмек. Бұл отандық кәсіпкерлердің шығындарын азайтпақ.
Сөз соңында депутат қазіргі таңда Парламентте комитеттердің кеңейтілген отырыстары өтіп, онда мәжілісмендер ведомства мен жергілікті атқарушы органдардың құзіреттерін нақты белгілеп жатқанын тілге тиек етті.
Камила Амирова
-
БҚО: Жемқорлықпен күрес, бюджет қаражаты және «Е-асхана» жобасы -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
2020 жылғы республикалық бюджеттiң атқарылуы: Пандемия қалай әсер етті -
Қаржы министрлігі: Ұлттық қор трансферті, бюджеттің атқарылуы және шығыстар мен кірістер -
Қаржы саласы: Бюджетті жоспарлау, мемлекеттік сатып алуды жетілдіру және цифрландыру шаралары -
Қаржы министрлігі: Бюджет шығыстары мен кірістері, мемлекеттік активтерді басқару және мемлекеттік аудит -
COVID-19: «Sinovac» вакцинасының тиімділігі -
Мәжіліс: Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғауға қатысты заң жобасы мақұлданды -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
ЕАЭО: Қазақстандық экспорт өсімі, бюджетке келген пайда және көлеңкелі экономика -
«Ashyq» қосымшасы: алғашқы нәтижелер, тиімділігі және өңірлерге таралуы -
Мәжіліс отырысы: «Байқоңырдан» ұшатын зымырандар, мектептегі қауіпсіздік, мектеп емтихандарын болдырмау -
Бюджетке енгізілген өзгерістер: Қаражат қандай бағыттарға жұмсалмақ -
Hayat Vax вакцинасы: тиімділігі мен қауіпсіздігі